Жаңалықтар

Білім беру тағылымдамасының бесінші күні
31.03.2017
Білім беру тағылымдамасының бесінші күні

2017 жылғы 31 наурызда Якутиядан келген әріптестер Республикалық физика-математика мектебінде (бұдан әрі-РФММ) болды.

РФММ филиалының директоры Г.К.Бекмаханов таныстыру баяндамасын жасады.

Содан кейін, делегация мүшелері мынадай:

«Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесі» (Мендигалиева Светлана Самигуллиевна);           

«Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасының үйлесімі: адамгершілік педагогикасы Ш.Амонашвили» (Хожамұратова Сәуле Ғубайдоллақызы);

«Қазақстандық білім беру жүйесіне үштілділікті енгізу» (Стамбекова Әсел Болатқызы);

«Жаңартылған білім мазмұны» (Зайцева  Елена Павловна);

«Тілдерді оқытуда визуалды дидактикалық материалдарды қолдану» (Байсаков Нұржан Елубайұлы);

«Табысты жағдай құрудың педагогикалық әдістері. Психологиялық қызмет» (Икимова Динара) семинар-практикумға қатысты.

Күннің бірінші жартысында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы базасында Саха (Якутия) Республикасы білім басқармаларының басшылары мен мектеп директорларының білім беру тағылымдамасы қорытындыланып, сертификаттар тапсырылды және фотосессия ұйымдастырылды.

тізімге қайтып келу