Жаңалықтар

Саха Республикасы педагогтерінің білім беру тағылымдамасының үшінші күні
29.03.2017
Саха Республикасы педагогтерінің білім беру тағылымдамасының үшінші күні

29 наурызда,  күннің алғашқы жартысында, Якутиядан келген қонақтар үшін ментальді арифметика бойынша семинар өтті. «ISMA Астана» директоры Айжан Өтегенқызы Бектілеуова PAMA GLOBAL Abacus&Mental Association қауымдастығының мүшесі, ISMA халықаралық мектебінің таныстырылымын ұсынды.

Семинар аясында «ISMA Астана» нұсқаушысы Салтанат Егінбайқызы Құлмағамбетова  балалардың қатысуымен «Абакуспен танысу» және «Қосу және азайту»шеберлік сыныптарын өткізді.

Семинар Саха Республикасы педагогтері мен Академия қызметкерлерінің қызығушылығын арттырды.

Түстен кейін Саха Республикасының (Якутия) педагогтері Назарбаев Университетінде болды. Онда университетпен таныстыру экскурсиясы жүргізілді

Бұдан әрі қонақтар №75 жалпы білім беретін мектепте болды. Кездесуде Астана қаласы Білім басқармасының бас маманы астанадағы білім беру ұйымдарының желісі, «қадамдық қол жетімділік» және т.б. принциптерін іске асыру үшін жалпы білім беретін мектептерде құрылған қосымша білім беру ұйымдары туралы айтты.

Мектеп әкімшілігі делегацияны білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу процесінің ұйымдастырылуымен, мектеп педагогтері қызметінің негізін қалайтын оқыту және тәрбие принциптерімен таныстырды.

Соңында Саха Республикасының педагогикалық қызметкерлері «Оқушылар сарайында» болып, қосымша білім беру ұйымдары қызметтерінің негізгі бағыттарымен, қолданыстағы үйірмелер және секциялардың жұмыстарымен танысты. 

тізімге қайтып келу