Жаңалықтар

Саха Республикасы (Якутия) білім басқармаларының басшылары мен мектеп директорларына арналған білім беру тағылымдамасы
27.03.2017
Саха Республикасы (Якутия) білім басқармаларының басшылары мен мектеп директорларына арналған білім беру тағылымдамасы

2017 жылғы 27 наурыз - 2 сәуір аралығында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында Саха Республикасы (Якутия) білім басқармаларының басшылары мен мектеп директорларына арналған білім беру тағылымдамасы өтуде.

27 наурызда күннің алғашқы жартысында Академия басшылығымен кездесу өтті. Кездесуде Академия президенті Ж.Жылбаевтың кіріспе сөзі және вице-президент М.Е.Мұқатованың таныстыру дәрісі тыңдалды.

Сонымен қатар, Якутия педагогтары Жаңартылған білім мазмұнын тарату орталығының директоры А.К. Мұхамедханованың «Қазақстан Республикасындағы мектептік білім беру мазмұнынжаңарту», Инклюзивті білім беру орталығының директоры М.Ө. Мұқашеваның «Инклюзивті білім беру: проблемалары және болашағы» дәрісін тыңдады және  Үштілді білім беру орталығының директоры Л.С.Сырымбетова жүргізген «Қазақстанда көптілді білім берудің ерекшеліктері» тақырыбындағы семинарға қатысты. 

тізімге қайтып келу