Жаңалықтар

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісі
16.03.2017
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісі

2017жылғы 15 наурыздаҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилеватындағы Еуразия Ұлттық университеті базасында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісін өткізді.

Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі мәжілісінің жұмысына ҚР БҒМ өкілдері, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Д.Ж. Ахмед-Заки, ЖОО ректорлары және проректорлары, ҚР БҒМ құрылымдық бөлімдерінің өкілдері, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкері А.Е.Абылгазина қатысты.

Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі мәжілісінің күн тәртібінде:

- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» мамандық топтарына жаңа мамандықтар енгізу;

- 5В040600- Режиссура, 5В041000 – Сценография, 5В041300 – Кескіндеме, 5В041400 – Графика, 5В041500 – Мүсін мамандықтары оқу мерзімін 5 жылдан 4 жылға өзгерту;

- бакалавриаттың 10 білім беру бағдарламасын ағылшын тілінде бекіту;

- тәуекелді бағалау жүйесі туралы мәселелер қаралды

Талқылау барысында ҚР Денсаулық сақтау министрігі Ғылым және адам ресурстары департаменті директорының орынбасары А.С.Құсаинованың Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» мамандық топтарына «Педиатрия» (бакалавриат) және «Биомедицина» (магистратура) жаңа мамандықтарын енгізу жөніндегі ұсыныстары қолдауға ие болды.

Екінші мәселені талқылау барысында «Өнер» мамандықтар тобының оқу мерзімін өзгерту бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің кеңейтілген мәжілісін өткізу шешілді.

 Бұдан әрі «Физика», «Информатика», «Химия», «Биология» (әзірлеген –Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті), «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау», «Мұнай газ ісі» (әзірлеген – Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті), «Ақпараттық жүйелер» (әзірлеген – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті), «Машинажасау» (әзірлеген – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті), «Металлургия» (әзірлеген –Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті), «Органикалық заттардың химиялық технологиясы » (әзірлеген – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті), «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» (әзірлеген –М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының жобалары қарастырылды. 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Д.Ж. Ахмед-Заки  Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі мүшелеріне «Білім беру жүйесін тәуекелді бағалау деңгейі өлшемшарттарын» таныстырды.

тізімге қайтып келу