Жаңалықтар

Ақтөбе қаласындағы республикалық семинар
2.03.2017
Ақтөбе қаласындағы республикалық семинар

2017 жылғы 28 ақпанда Ақтөбе қаласында «№56 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің базасында «2017 жылы білім алушылардың қорытынды аттестаттауын және Ұлттық біріңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.

Семинардың жұмысына Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері, әдіскерлер, мектеп директорлары мен пән мұғалімдері қатысты.

Семинарға қатысушылардың адында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің Білімнің мазмұны және әдістемесі бсқармасының басшысы Т.Ж. Жәкенов; ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім институтының директоры Қ.А. Рақымжанов; ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары  Қ.Қ. Пралиев сөз сөйледі.

Олар өз сөздерінде 2017 жылы мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және Ұлттық біріңғай тестілеуді өткізу тәртібі мен ұйымдастыру мәселелерін түсіндіріп, еліміздің мектептерінде білім мазмұнын жаңартуға көшу аясында білім алушылардың жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырды.

Ақтөбе қаласының №51 мектеп-гимназия директоры Г.Ж. Дәрібаева, №56 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.С. Нығмет және Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қобда қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі С.К. Базарбаев Ақтөбе қаласы бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттауға және жаңа форматағы ҰБТ-ға дайындаудағы табысты тәжірибелерімен бөлісті.

Республикалық семинар-кеңес аясында мектеп түлектері үшін қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға енгізілген оқу пәндері бойынша сабақ өткізу, қолданбалы курстар ұйымдастыру бойынша мұғалім-практиктердің тәжірибелерімен танысуға мүмкіндік беретін практикалық бөлімі өткізілді.

Семинарға қатысушылар білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауға дайындау, қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі, ресурстар даярлау, қорытынды аттестаттау және ҰБТ форматына қатысты және т. б. қатысты сұрақтарды талқылады.

тізімге қайтып келу