Жаңалықтар

«2017 жылы мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау» on-line семинары
2.03.2017
«2017 жылы мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау»  on-line семинары

21 ақпан мен 1 наурыз аралығында Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және Ұлттық тестілеу орталығымен бірге білім басқармаларының (бөлімдерінің) басшылары, әдіскерлері, мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары, пән-мұғалімдеріне арналған on-line семинарларын өткізді.

1 наурызда «Қаржы орталығы» АҚ базасында семинардың соңғы күні өтті. Семинарға математика пәні мұғалімдері шақырылды. 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Вице-президенті М.Е.Мұқатова 2017 жылы мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру жұмыстарының ретімен таныстырды.

Ұлттық тестілеу орталығының қорытынды аттестаттау мен ҰБТ арналған тест тапсырмаларын дайындайтын бөлімі зертханасының меңгерушісі Ж.Ә.Асаинов жаңа форматтағы ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу туралы ақпарат берді.

Әрі қарай «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәнінен жазбаша емтиханға дайындық бойынша ұсынымдамалар берілді. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері З.Ә.Жұмағұлова «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәнінен жазбаша емтихан тапсырмаларының мазмұнын іріктеу, емтиханды бағалау өлшемдері туралы баяндады. Ұлттық тестілеу орталығының қорытынды аттестаттау мен ҰБТ арналған тест тапсырмаларын дайындайтын бөлім зертханасының  жетекші маманы Г.Т.Сағынаева жазбаша емтихан жұмысын рәсімдеу сұрақтарына тоқталып, жазба жұмысын үлгілерін келтірді.

 Семинар жұмысы барысында келіп түскен сұрақтарға жауап берілді. 

тізімге қайтып келу