Жаңалықтар

Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау қарсаңында
2.03.2017
Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау қарсаңында

2017 жылғы 28 ақпанда Қостанай қаласындағы «А.М. Горький атындағы гимназия» ММ базасында «2017 жылы қорытынды аттестаттау мен ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» атты Республикалық семинар-кеңес өтті.

Семинар жұмысына Алматы, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Семинар-кеңестің қатысушылары алдында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Білім беру мазмұны және әдістемесін басқармасының бас сарапшысы Қабатова Б.А., ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Ынтымақов Т.Ж., Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Жаңартылған білім мазмұнын тарату орталығының директоры Мұхамедханова А.К. сөз сөйлеп, 2017 жылы қорытынды аттестаттау мен ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізудің тәртібін түсіндірді, қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру  бойынша және еліміздегі мектептердің жаңартылған білім мазмұнына көшу аясында білім алушылардың жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырды.

Қостанай қаласының білім беру кеңістігінде білім алушыларды қорытынды аттестаттауға және жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындаудағы озық тәжірибесімен Қостанай қаласының «№ 1 мектеп-лицейі» ММ директоры Шарипова С.С. бөлісті.

Республикалық семинар-кеңес аясында практикалық бөлім өтті. Бұл қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға енгізілген оқу пәндерінен мектеп түлектері үшін қолданбалы курстарды ұйымдастыру, сабақтарды өткізу бойынша мұғалім-практиктердің (Сологуб Г.И., Науменко И.Я. және т. б.) тәжірибесімен танысуға мүмкіндік берді.

Семинар-кеңеске қатысушылар қорытынды аттестаттаудың және ҰБТ-ның форматына, білім беру ұйымдарында түлектерді қорытынды аттестаттауға дайындауға, қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібіне,  ресурстар даярлауға және т. б. қатысты сұрақтарды талқылады.

тізімге қайтып келу