Жаңалықтар

«2017 жылы мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау» on-line семинары
1.03.2017
«2017 жылы мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау»  on-line семинары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2017 жылы жалпы білім беретін  мектептерді бітіруші түлектермен ҰБТ-ны және қорытынды аттестацияны  жаңа форматта  өткізу  бойынша түсіндіру  жұмыстарын жүргізуде.

Ақпанның 27-28-де   «Қаржы орталығы» АҚ базасында «2017 жылы жалпы білім беретін  мектептерді бітіруші түлектердің қорытынды  аттестациясы» оn-line-семинары өткізілді

Семинарда «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» пәндерінің мазмұны мен ұйымдастырып өткізуі бойынша  сұрақтар қарастырылды.

Семинар жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері: вице-президент М.Е.Мукатова, орта  білім институты қоғамдық-гуманитарлық зертхана меңгерушісі  Б.М.Мухатаева, қоғамдық- гуманитарлық зертхананың аға ғылыми қызметкері М.К.Жакишева қатысты.

Академия қызметкерлері мен Ұлттық тестілеу орталығының мамандары ана тілі мен әдебиет пәндері бойынша эссе формасындағы жазбаша емтихан өткізу туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Мұғалім-практиктерге ана тілі мен әдебиет пәндері бойынша үлгі тақырыптар көрсетілді.

Келіп түскен сұрақтар бойынша  мұғалімдерді «Алтын белгі» үміткерлерінің жұмыстары қалай бағаланатындығы; аттестатқа қорытынды баға қалай қойылатындығы; сонымен қатар, жазбаша емтиханды ұйымдастырып  өткізу рәсімдері  мазалайтынын көрсетті.

Келесі семинар 1 наурызда өткізіледі. Оған математика пәні мұғалімдері шақырылды. 

тізімге қайтып келу