Жаңалықтар

«2017 жылы мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау» on-line семинары
22.02.2017
«2017 жылы мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау»  on-line семинары

ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2017 жылы жалпы білім беретін мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және ҰБТ өткізудің жаңа форматын  түсіндіру жұмысы басталды.

21ақпан мен 1 наурыз аралығында  Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және Ұлттық тестілеу орталығымен бірге білім басқармаларының (бөлімдері) басшылары, әдіскерлері, республика мектептерінің директорлары, директорлардың орынбасарлары, пән-мұғалімдеріне арналған on-line семинарын өткізеді.

21 ақпанда «Қаржы орталығы» АҚ базасында бірінші семинар өткізілді.

ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ж.А.Жонтаева  2017 жылы мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарының ретімен таныстырды.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Р.С. Әлімқұлов жаңа форматтағы ҰБТ ұйымдастыру және өткізу туралы ақпарат берді.

Әрі қарай «Қазақстан тарихы» оқу пәнінен ауызша емтиханға дайындық бойынша нақты ұсынымдамалар берілді.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері А.Т.Қайыпбаева билеттерді құру принциптері, олардың мазмұны және мектеп бітірушілердің жауабын бағалау өлшемдері туралы баяндады.

Ұлттық тестілеу орталығының аға сарапшысы А.З. Смағұлова сұрақтар бойынша нақты мысалдар келтірді, практикалық сипаттағы тапсырмаларға ерекше көңіл бөлінді.

Семинар жұмысы барысында келіп түскен сұрақтарға жауап беріліп, түсіндірілді.

тізімге қайтып келу