Жаңалықтар

«Мектептегі математикалық білім беру: мәселелер мен перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел
15.02.2017
«Мектептегі математикалық білім беру: мәселелер мен перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел

2017 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Операциялық жоспарына сәйкес Ақпараттық-талдау орталығы «Мектептегі математикалық білім беру: мәселелер мен перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстелді өткізді. ОғанЫ. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері: Орта білім институтының директоры К.А. Рахымжанов және жаратылыстану-математикалық зертхананың меңгерушісі Шүйіншина Ш.М., аға ғылым қызметкері Жұмағұлова З.Ә қатысты. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты – мектептегі математиканың өзекті сұрақтарын орта білімнің жаңартылған мазмұнының және өткізілетін зерттеулердің аясында  талдау әрі нұсқауларды құрастыру.

Дөңгелек үстелге Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Мақсұтова З.А., Министрліктің бағынысындағы ұйымдар, аймақтық білім басқармалары, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталықтарының жетекші мамандары, әдіскерлер, ЖОО оқытушылары, мамандандырылған және жалпы орта білім мектептерінің басшылары мен математика мұғалімдері қатысты.

Ақпараттық-талдау орталығы департаментінің директоры Е.Б. Нұрланов «Қазақстандағы математикалық білім беру жағдайы мен даму перспективаларының тұжырымдамалық тәсілдері» атты зерттеуінің нәтижелерін ұсынды. Осы зерттеу бойынша жұмыс 2016 жылғы мамырда басталды және оқу бағдарламасының, оқулықтардың, оқу жетістіктерін, мектепке дейінгі және жоғары мен жоғарыдан кейінгі білім арасында барлық деңгейлерде педагогикалық кадрлар сапасының талдауына бағытталған. Жоба аясында оқушылар, педагогтар мен білім беру ұйымдарының басшылары арасында әлеуметтік зерттеу өткізілуі әрі PISA көшбасшы елдерінде математикалық білімді дамыту жолдарының зерттелуі ескерілген.

Математикалық білім берудегі оқу бағдарламасы, оқулықтар, оқушылар мен мұғалімдер куәландыру, пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру секілді аспектілері бойынша пікір алмасуға зерттеу қорытындылары негіз болды.

Ы. Алтынсарин ат. ҰБА Орта білім институты жаратылыстану-математикалық зертхананың аға ғылым қызметкері Жұмағұлова З.Ә., «Оқулық» РҒПО директорының орынбасары Омаров С.Қ., «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ «Білім беру бағдарламалар орталығы» филиалының жаратылыстану-математикалық пәндер бөлімінің бастығы Аубакиров Т.У. мен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың Оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Әбдікерова Б.Қ. баяндамалары қатысушыларды қызықтырды.

тізімге қайтып келу