Жаңалықтар

Балалар мүддесінде
17.02.2017
Балалар мүддесінде

2017 жылғы 16 ақпанда Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы мен ЮНИСЕФ-тің 2016-2020 жылдарға арналған  ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру аясында 2016 жылғы нәтижелерін талқылау бойынша кездесуге Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясының қызметкерлері қатысты.

Жұмыс кездесуінің мақсаты Ынтымақтастық бағдарламасын 2016 жылы іске асыру талдау, проблемаларды анықтау және 2017 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған стратегиялық басымдықтарды бекіту болды.

Жұмыс барысында орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өкілдері, Парламент депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, академиялық топтардың, халықаралық ұйымдардың, корпоративтік сектордың, БАҚ, БҰҰ агенттіктерінің және донорлар өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушыларды ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасындағы Өкілі Ю. Оксамитный, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С. Бычкова, ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры А. Рахметуллин, Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катцу құттықтады.

Талқылау барысында Адам Құқықтары жөніндегі Уәкіл Асқар Шәкіров, Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы Айгүл Телешева, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Жаңартылған білім мазмұнын тарату орталығының директоры Алмагүл Мұхамедханова, ҚР Үкіметінің атынан PRI аймақтық директоры Азамат Шамбилов сөз сөйледі.

2009 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің,  ҚР Білім және ғылым министрлігінің БҰҰ-ның Балалар қорымен бірлесіп, қол қоюы зілзалалардың қауіп-қатерін азайтуды ұлттық білім беру саясатына және оқу үдерісіне кіріктіру жөніндегі бағдарламаны іске асырудың бастауы болды.

2015 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) білім беруде зілзалалардың қауіп-қатерін азайту бойынша бірлескен іс-шараларды іске асыру үшін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Кездесуге қатысушылар үкімет пен ЮНИСЕФ-тің елдік ынтымақтастық бағдарламасын 2016 жылы жүзеге асырудағы жетістіктерін және 2017 жылға арналған басымдықтарын талқылады, қол жетімділік, сапа, теңдік сияқты бала құқықтарының аспектілерін қамтамасыз етуде кедергілерді анықтау үшін Қазақстандағы балалар құқықтарының жағдайына талдау жасады.

Білім беруге басты мақсаты білім алушылардың қауіп-қатер немесе зілзала жағдайында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Білім беру жүйесіне ЗҚА компонентін енгізу үдерісі (жаңа стандарттар, оқу бағдарламалары және оқу-әдістемелік материалдар) негізгі орта және жалпы орта мектебінің деңгейінде жалғасуда.

Кездесу барысында әр түрлі ведомстволардың серіктестерімен ЮНИСЕФ қызметінің барлық бағыттары талқыланды және ынтымақтастықтың 2017 жылға арналған жұмыс жоспарларына енгізілетін ықтимал өзгерістер анықталды.

тізімге қайтып келу