Жаңалықтар

Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары жобасының талқылануы
16.02.2017
Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары жобасының талқылануы

2017 жылғы 16 ақпан күні Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Астана қаласы жалпы білім беретін мектептерінің пән мұғалімдерімен бірлесіп қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарының (орта білім мазмұнын жаңарту аясында) жобасын талқылады.

Үлгілік оқу жоспарының жобасын талқылауға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Мұқатова М.Е., орта білім институтының директоры Рахымжанов Қ.А., Астана қаласы №59, 60, 66 мектептерінің мұғалімдері қатысты.

тізімге қайтып келу