Жаңалықтар

«Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында 2 күндік республикалық әдістемелік оқыту семинары
15.02.2017
«Қазақ  тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында 2 күндік республикалық әдістемелік оқыту семинары

2016 жылғы  5-11 ақпанда Ақтау және Атырау қалаларында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Қазақ  тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында 2 күндік республикалық әдістемелік оқыту семинары өткізілді.

Семинар жұмысына Маңғыстау және Атырау облыстарының қазақ тілі пәні  мұғалімдері, балабақша әдіскерлері, жоғары оқу орындарының, арнаулы  білім беру ұйымдарының оқытушылары, әдістемелік орталықтардың әдіскерлері, мектеп директорлары, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары  қатысты. Семинарға барлығы 140 адам қатысты.

Семинардың мақсаты жаңартылған білім мазмұнын «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша енгізу жолдары мен ерекшеліктерін талдау,  тілді екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін үйрету.

 Оқыту семинарының барысында оқыту қазақ тілді емес мектептердің 1-11-сыныптарына арналған  «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері мен жаңартылған білім мазмұны оқу  бағдарламаларының ерекшеліктері,  қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері,тілді оқытудың әдістемелік-дидактикалық принциптері жәнеқазақ тілі сабағында орындалатын  бақылау жұмысының түрлері  бойынша мәселелер қарастырылып, тренингтер өткізілді.

Семинарға қатысушылар шеберлік сыныптар арқылы көрсетілген оқытудың тиімді интерактивті әдіс-тәсілдерімен танысып, жасаған практикалық жұмыстары бойынша жоба қорғады, рефлексия жасады. Олар практикалық жұмыстарын қорғауда шығармашылық шеберліктерін, интерактивті әдістерді сабақта қолданудың тиімді үлгілерін көрсетті.

Семинар қорытындысы бойынша семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.

тізімге қайтып келу