Жаңалықтар

КЕRA-ның бірінші конференциясына қатысу
14.02.2017
КЕRA-ның бірінші конференциясына қатысу

2017 жылдың 9–11 ақпан аралығында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері Білім беру саласындағы зерттеушілерҚазақстандық қоғамының(КЕRA)бірінші халықаралық конференциясына қатысты.

КЕRA Білім беру саласындағы зерттеушілер Еуропалық қауымдастығының бір бөлігі бола отырып, отандық білім беру жүйесін өркендетуге бағытталған ғылыми зерттеулерді дамыта отырып, білім беру саясатының дамуына үлесін қосады.

2017 жылғы 9 ақпанда болған Пленарлық отырыста конференцияға қатысушыларды КЕRA Президенті, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сағынтаева, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ж.А. Жонтаева, Назарбаев Университетінің вице-провосты Лоретта О'Доннелл, Кембридж университеті Білім беру факультетінің профессоры Дэвид Бриджес құттықтады.

Пленарлық сессия барысында Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Ж.О. Жылбаев «Қазақстан Республикасындағы мектептегі білім берудің модернизациясы» атты тақырыпқа баяндама жасады.

Академияның Жаңартылған білім мазмұнын тарату орталығының директоры А.К. Мұхамедханова Teacher Education Research сессиясының модераторы болды.  Академияның Үштілді білім орталығының директоры Л.С. Сырымбетова Research in Higher and Technical Education сессиясының жұмысына қатысты.

10 ақпанда Академияның аға ғылыми қызметкерлері С.К. Исмагулова, Д.М. Абдрахманова Curriculum Innovation и Research in Higher and Education сессиясының жұмысына қатысты.

Академия қызметкерлері Teacher Education Research, Higher Education, Assessment, Evaluation, Testing and Measurement сессияларының жұмысына қатысты.

тізімге қайтып келу