Жаңалықтар

Үй тапсырмасын орындау және ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдамалардың талқысы
30.01.2017
Үй тапсырмасын орындау және ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдамалардың  талқысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен республиканың жалпы  білім беретін  мектептеріндегі үй тапсырмасын орындау және ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдамалардың 2 жобасы көпшіліктің талқысына ұсынылады.

2-11 сыныптың білім алушыларына берілетін  үй тапсырмасының көлемін қысқарту  проблемасы бойынша  жобаларды әзірлеу үшін екі жұмыс тобы қатаржұмыс жасады. Жобалар мектепке қалың жұртшылықтың таңдауы бойынша енгізіледі.

Жобаны талқылауға мұғалім-практиктер, білім беру ұйымдарының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ата-аналар шақырылады.

Талқылау осы жылғы наурыз айының 15-іне  дейін ұзартылады. Өз ұсыныстарыңызды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (www.nao.kz) және Ақпараттық-аналитикалық орталықтың  сайтына жолдауларыңызды сұраймыз

тізімге қайтып келу