Жаңалықтар

Жаңартылған білім мазмұнының мәселелері бойынша Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің қатысуымен өткен кеңес
27.01.2017
Жаңартылған білім мазмұнының мәселелері бойынша Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің қатысуымен өткен кеңес

2017 жылғы 27 қаңтарда Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің  қатысуымен өткен жаңартылған білім мазмұнының мәселелері бойынша кеңеске Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері: Жаңартылған білім мазмұнын тарату орталығының директоры А.К. Мұхамедханова және ЖБМТ орталығының аға ғылыми қызметкері С.К. Исмагулова қатысты. Отырысқа ҚР БҒМ вице-министрлері Э.А. Суханбердиева, Б.А. Асылова,  Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ж.А. Жонтаева, ҚР БҒМ мамандары, ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары мен өкілдері, «НЗМ» ДББҰ, Астана, Алматы қалаларындағы, Алматы, Павлодар облыстарындағы мектептердің директорлары, директорлардың орынбасарлары, мұғалімдері қатысты. Кездесу барысында еліміздің 1-ші сыныптарында жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламаларын іске асыру туралы, осыған байланысты туындайтын сұрақтар, мәселелер мен проблемалар туралы пікір алмасу болды. Еліміздің мектептерінің өзекті мәселелері, оның ішінде бастауыш сынып мұғалімдерінің жүктемесі, жұмысбастылығы, жаңа бағалау жүйесі және т.с.с. талқыланды, педагогтардың нақты ұсыныстары айтылды. Білім және ғылым министрі кездесу қорытындысы бойынша Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына бірқатар тапсырмалар жүктеді, оның ішінде республиканың 1-ші сыныптарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды енгізудің мониторингін жасау. 

тізімге қайтып келу