Жаңалықтар

Саха Республикасы (Якутия) педагогтерінің Қазақстандағы тағылымдамасының аяқталуы
14.01.2017
Саха Республикасы (Якутия) педагогтерінің Қазақстандағы тағылымдамасының аяқталуы

2017 жылғы 14 қаңтарда Якутиядан келген әріптестер республикалық физика-математика мектебінде болды (бұдан әрі РФММ). РФММ басшылығы қонақтарды оқушыларды елдегі және әлемдегі ең үздік ЖОО түсуге дайындау мен әлеуметтік дамытуға бағытталған үздік отандық жұмыстар, халықаралық тәжірибе және практикалар ретінде саналатын физика-математикалық бағыттағы инновациялық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу арқылы мектеп әлеуетінің сапалы өсуінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін мектеп міндетімен таныстырды.

Содан кейін мектеп басшылығымен физика, алгебра, математика, тарих, ағылшын тілі сабақтарына қатыстыру мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Тағылымдаманы аяқтау рәсімі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында өткізілді. Білім беру тағылымдамасы қорытындыланды және сертификаттар тапсырылды. 

тізімге қайтып келу