Жаңалықтар

Саха Республикасы (Якутия) мектептерінің басшылары мен мұғалімдеріне арналған білім беру тағылымдамасы
10.01.2017
  Саха Республикасы (Якутия) мектептерінің басшылары мен мұғалімдеріне арналған білім беру тағылымдамасы

2017 жылғы  10-14 қаңтарда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында Саха Республикасы (Якутия) мектептерінің басшылары мен мұғалімдеріне арналған білім беру тағылымдамасы өтуде.

10 қаңтарда күннің алғашқы жартысында Академия басшылығымен кездесу өтті. Кездесуде Академия президенті Ж.Жылбаевтың кіріспе сөзі және вице-президент М.Е.Мұқатованың таныстыру дәрісі тыңдалды.

Сонымен қатар, Якутия педагогтары Жаңартылған білім мазмұнын тарату орталығының директоры А.К. Мұхамедханованың «Қазақстан Республикасындағы жаңартылған білім беру мазмұны» дәрісін тыңдады және  Үштілді білім беру орталығының директоры Л.С.Сырымбетова жүргізген «Қазақстанда көптілді білім берудің ерекшеліктері» тақырыбындағы семинарға қатысты.

Түстен кейін Академия базасында Якутиядан келген қонақтар үшін ментальді арифметика бойынша семинар өтті. «ISMA Қазақстан» бас директоры Гүлжан Рапикқызы Бердібекова мен «ISMA Астана» директоры Айжан Өтегенқызы Бектілеуова PAMA GLOBAL Abacus&Mental Association қауымдастығының мүшесі, ISMA халықаралық мектебінің таныстырылымын ұсынды.

Семинар аясында «ISMA Астана» нұсқаушысы Салтанат Егінбайқызы Құлмағамбетова  балалардың қатысуымен «Абакуспен танысу» және «Қосу және азайту» шеберлік сыныптарын өткізді.  Семинар Саха Республикасы педагогтері мен Академия қызметкерлерінің қызығушылығын арттырды. 

тізімге қайтып келу