Жаңалықтар

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы
27.12.2016
 Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы

2016 жылдың 26 желтоқсанында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді.

Академия президенті Ж.Жылбаевтың «2016 жыл бойынша Академияның қызметінің жылдық қорытынды есебі» баяндамасы тыңдалды.

Ғылыми хатшы А. Мамырханова 2016 жылғы «Білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету» 099 бюджеттік бағдарламасының орындалысы және гранттық қаржыландыру аясындағы ғылыми жобалардың іске асырылуы туралы хабарлама жасады.

Күн тәртібіне сәйкес 2016 жылғы атқарылған жұмыстардың есебімен Академияның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері сөйледі:

- Қ.А.Рахымжанов - Орта білім Институтының директоры ;

А.К. Мұхамедханова –Жаңартылған білім мазмұнын тарату орталығының директоры;

Л.С. Сырымбетова-Үш тілді білімді  дамыту орталығының директоры;

-   А.Е. Әбілғазина- кәсіптік білім  орталығының директоры;

-  Ж.Ж. Наурызбай - Тәрбие теориясы  және әдістемесі орталығының директоры;

-  М.У.Мұқашева.-инклюзивті білім орталығыдиректоры;

-  М.Е.Адамова - ШЖМ дамыту орталығының директоры;

-  А.К.Тастанова- Баспа орталығының директоры.

       Ғылыми кеңестің отырысыбарысында өткен жылғы Академияның жеткен жетістігі мен   әлі де кездесетін проблемалар айқындалды.  Академияның қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында  2017жылдың жылдық жоспарына түзету енгізу барысында ескерілетін ұсыныстар ұсынылды.

        Отырыс соңында Академия қызметкерлері  Қ.А. Рахымжанов және  М.К.  Жакишева «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша  2016 жылдың 15 қазан мен  15 желтоқсанаралығындаГумбольдт атындағы Берлинуниверситетінде өткен 2 айлық татағылымдама туралы есеп берді.   ( Берлинқ,  ГФР).

тізімге қайтып келу