Жаңалықтар

«Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар: Назарбаев Зияткерлік мектептер тәжірибесі» ІІІ Республикалық форум
24.12.2016
«Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар: Назарбаев Зияткерлік мектептер тәжірибесі» ІІІ Республикалық форум

2016 жылдың 22-23 желтоқсан күндері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы ұйымдастырып өткізген «Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар: Назарбаев Зияткерлік мектептер тәжірибесі» атты ІІІ Республикалық форум жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері Үштілді білім беру орталығының директоры Л.С.Сырымбетова, Орта білім институтының директоры Қ.А. Рахымжанов, қоғамдық-гуманитарлық білім зертханасының аға ғылыми қызметкері М.К. Жакишева, Үштілді білім беру орталығының аға ғылыми қызметкері С.С. Жұманова, Кәсіби білім  орталығының аға ғылыми қызметкері А.Т. Қайыпбаева қатысты.

 Пленарлық отырыста  :

- ҚазМЗА оқытушысы, филология ғылымдарының  кандидаты У.О. Еркінбаев  «Орта мектептерде әдебиетті оқытудың креативті жолдары»;

- Халықаралық сарапшы Тауфик Черкоуи «Тілдегі грамматика және коммуникация»;

- Бөлім меңгерушісі А. Құлмағамбетова «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша жаңартылған бағдарлама туралы баяндама жасады.                                                                                                                                          

 Одан әрі форум жұмысы жеті секцияда жалғасты.

6-секция   тақырыбы: «Қазақстан тарихы» пәнін қазақ тілінде оқыту тиімділігі мен әдіс-тәсілдері». «Білім беру бағдарламалары орталығы» ДББҰ НЗМ қызметкерлері баяндама жасады.:

- «Қазақстан тарихы» бойынша жаңа оқу бағдарламаларының ерекшеліктері» тақырыбында бөлім меңгерушісі А.Т Жанисов.;

-   «Қазақстан тарихын екінші тілде оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында аға менеджер З.К.Шегенова;

-   «Қазақстан тарихы пәнін екінші тілде оқытудағы CLIL әдісін қолдану»  ББО аға менеджері А.Е. Оңғарбаева.

Аға менеджерлер О.И. Халчевская және Д.Б. Сармұхамбетова секцияға қатысушыларды Қазақстан тарихынан 5-сыныпқа арналған сандық білім ресурстарымен таныстырды .

тізімге қайтып келу