Жаңалықтар

«Шағын жинақты мектеп білім мазмұнын жаңарту жағдайында» тақырыбында өткен семинар-кеңес
22.12.2016
«Шағын жинақты мектеп білім мазмұнын жаңарту жағдайында» тақырыбында өткен семинар-кеңес

2016 жылдың 22 желтоқсанында  Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА «Шағын жинақты мектеп білім мазмұнын жаңарту жағдайында» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.  

Семинар жұмысына облыстық білім басқармаларының, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің өкілдері,  ПШО,  «Назарбаев Интеллектуалдық мектебі» ААҚ, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдары, «Ақпараттық-аналитикалық орталығы» АҚ,  «Bilim media group»  ЖШС , әдіскерлер, мектеп директорлары,  мектеп директорының орынбасарлары, шағын жинақты мектептер мен ресурстық орталықтардың мұғалімдері, жоғарғы оқу орнының мұғалімдері қатысты.

Аушева Ирина Уматкереевна  және Мухатаев Айдос  Агдарбековичтің, Нартай Әшімнің баяндамалары қатысушылардың ерекше қызығушылығын туғызды.

Семинар-кеңес жұмысының барысында ШЖМ барлық аспектілері бойынша статистикалық мәліметтер, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арналған цифрлық білім видеоресурстары туралы ақпарат берілді, жаңартылған білім мазмұнын енгізу жұмыстарына мұғалімдерді дайындауға арналған білім жетілдіру курстарының мәселелері мен нәтижелері жайында сөз қозғалды.

тізімге қайтып келу