Жаңалықтар

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын 2-ші пилоттық сыныптарда апробациядан өткізу
13.12.2016
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын 2-ші пилоттық сыныптарда апробациядан өткізу

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламаларын апробациядан өткізу аясында 30 пилоттық мектептердің 2-сыныптарына әдістемелік қолдау көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

2016 жылғы 5-10 желтоқсан аралығында Жаңартылған білім мазмұнын тарату орталығының аға ғылыми қызметкерлері Смағұлова Б.К. және Исмағұлова С.К. 2-сыныптың жаңартылған оқу бағдарламаларын апробациядан өткізу шеңберінде Атырау және Маңғыстау облыстарындағы пилоттық мектептердің әкімшілігі мен мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетті.

Академияның қызметкерлері сапар барысында сабақтарға қатысты, пилоттық мектептердің 2-сынып мұғалімдерімен және пән мұғалімдерімен сауалнама жүргізді, фокус-топтарда ата-аналармен, мұғалімдермен, мектеп әкімшілігімен сұхбаттасты.

Сапарлардың қорытындысы бойынша жинақталған материалдар оқу бағдарламаларын, білім беру процесін ұйымдастыруды, бағалау жүйесін, ОӘК, мұғалімдер мен мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курстарының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

2-сыныптарда жаңартылған білім мазмұнын апробациялау процесін зерделеу оқу бағдарламаларының, оқулықтардың, ОӘК, жаңа бағалау жүйесінің сапасын бағалауға, бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуге, жаңа білім беру стандарттарына көшу жағдайында білім беру процесін ұйымдастыру бойынша семинарлар өткізуге, кеңес беруге және педагогтарға одан әрі әдістемелік қолдау көрсету мәселелері бойынша Академия жұмысының бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, білім берудің жаңа стандартын апробациядан өткізудің мониторингі педагог кадрлардың жеткіліксіз даярлығы, оқу материалдарын әзірлеудің сапасы, білім беру ресурстарының жетіспеушілігі сияқты ықтимал тәуекелдердің жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің табыстылығы мен тиімділігіне әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

тізімге қайтып келу