Жаңалықтар

«Университет: Азия-Тынық мұхиты ынтымақтастық векторы» халықаралық форумы
7.12.2016
«Университет: Азия-Тынық мұхиты ынтымақтастық векторы»  халықаралық форумы

2016 жылғы 29 қарашада М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университеті өткізген халықаралық форумның ашық дәрістер сериясы аясындағы «Университет: Азия-Тынық мұхиты ынтымақтастық векторы» блогына Қазақстан Республикасы Ұлттық білім академиясының президенті Ж.О.Жылбаев және Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі Ғылым департаментінің директоры Қайрат Құрақбаев қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

Жанбол Октябрұлы федералды университет педагогтеріне Қазақстандағы мектептік білім беруді өзгерту жөніндегі «Қазақстан Республикасында мектептік білім беруді өзгерту» тақырыбында дәріс оқыды.

 

 

 

 

 

Форумның соңында Якутияның облыстық білім басқармаларының өкілдері,М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университетінің оқытушылары және басшылары тарапынан ғылыми-білім беру және инновациялық қызмет бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанға, оның ішінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына келу сапары туралы ұсыныстары түсті.  

30 қарашада Якутиядағы университеттік білім берудің 60-жылдығына орай қазақстандық ғылыми сарапшылар делегациясы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ж.О.Жылбаев жоғары оқу орнының ұжымын  мерейтойлық датамен құттықтап, Солтүстік-Шығыс федералды университетінің әрі қарай да жоғары білім игілігіне жемісті жұмыс істеуге және жаңа биіктерді бағындыруына сенім білдірді.

 М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университетінің ректоры  Е.И.Михайлова

 Саха Республикасының Тұңғыш Президенті  М.Николаев 

« Якутск қаласы » қалалық округінің басшысы Айсен Николаев

тізімге қайтып келу