Жаңалықтар

«Education, forward!» ғылыми білім беру форумы
7.12.2016
 «Education, forward!» ғылыми білім беру форумы

2016 жылғы 25-30 қарашада М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университеті «Education, forward!» ғылыми білім беру форумын өткізді, форумда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері баяндама жасады.

2016 жылғы 25 қарашада Қазақстан, Мәскеу, Санкт-Петербург, Хабаровск,М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университетінің өкілдері қатысқан«Үздіксіз білім беру: ұтқырлық, ашықтық, ықпалдастық» ғылыми-әдістемелік семинарында «Үштілді білім берудің қазақстандық моделі (проблемалары және болашағы)» баяндамасымен Үштілді білім беру орталығының директоры Л.С.Сырымбетова сөз сөйледі. 

 

 

 

 

 

2016 жылғы 26 қарашада «Education, forward!» ғылыми білім беру форумы аясында  «Біздің балаларымыз болашақта аутсайдер болмауы тиіс» тақырыбында өткізілген семинарға Сырымбетова Ляйля Сарқытқызы модератор болды. 

Семинар қатысушылары келесі тақырыптарды қарастырды:

Бірінші тақырып: ««Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтары: педагогикалық контекст (білім берудегі дәстүр және инновацияның тарихи сабақтастығы).

Екінші тақырып: «Үштілді білім берудің қазақстандық моделі (проблемалары және болашағы)».

Үшінші тақырып: «Қазақстанда білім беруді дамытудың заманауи тренді».

Тыңдаушылар: Саха Республикасы, Нам ауданы білім басқармаларының басшылары және мұғалімдері, барлығы 126 қатысушы.

 

 

 

 

 

2016 жылғы 27 қарашада «Education, forward!» ғылыми білім беру форумы аясында(М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университеті (Якутск қ.) «Тұлғалық дамудың тиімді менеджменті» білім беру алаңының жұмысы өткізілді. Білім беру алаңы жұмысында «Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының құндылықтары» тақырыбында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Үштілді білім беру орталығының директоры Л.С.Сырымбетова баяндама жасады.

Біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары: Саха Республикасы білім басқармаларының басшылары, барлығы 40 қатысушы.

тізімге қайтып келу