Жаңалықтар

«Көп тілді білім академиялық ұтқырлықтың ынталандырушы факторы ретінде: Еуропалық тәжірибе және Қазақстан» халықаралық семинары
6.12.2016
«Көп тілді білім академиялық ұтқырлықтың ынталандырушы факторы ретінде: Еуропалық тәжірибе және Қазақстан» халықаралық семинары

2016 жылғы 6желтоқсанда ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығымен бірлесе «Көп тілді білім академиялық ұтқырлықтың ынталандырушы факторы ретінде: Еуропалық тәжірибе және Қазақстан» халықаралық семинарын өткізді.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев, халықаралық сарапшылар, жоғары оқу орындарының ректорлары және профессор - оқытушылар құрамы, Тілдік мектеп Консорциумының, Ақпараттық-талдау орталығының, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының өкілдері, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері: Үштілді білім орталығының директоры - Л.С.Сырымбетова, Кәсіптік білім орталығының директоры- А.Е.Абылгазина, Баспа орталығының директоры – А.К.Тастанова қатысты.

Семинар аясында үштілді білім беруге өтудің негізгі мәселелері және оның Қазақстанда академиялық ұтқырлықты дамытудағы рөлі, сонымен қатар үштілді білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді интеграциялаудың мәселелері, халықаралық академиялық ұтқырлық контекстінде жоғары білімді интернационализациялау үрдістері қаралды.

Семинар қатысушылары сөйлеушілердің баяндамаларын тыңдап және негізгі мәселелерді талқылап, академиялық ұтқырлықтың ынталандырушы факторы ретінде көптілді білім беруді одан әрі жүзеге асыру бойынша бірқатар ұсынылымдар қабылдады.

тізімге қайтып келу