Жаңалықтар

«Ресейдің жалпы білім беру сапасын халықаралық зерттеуге қатысуының 20 жылдығы» халықаралық конференциясы.
3.12.2016
«Ресейдің жалпы білім беру сапасын халықаралық зерттеуге қатысуының 20 жылдығы»  халықаралық конференциясы.

2016жылғы 24-25 қарашада Мәскеу қаласында Білім беру сапасын бағалаудың Федералды институты «Ресейдің жалпы білім беру сапасын халықаралық зерттеуге қатысуының 20 жылдығы» атты халықаралық конференция өткізді.

Конференция жұмысына білім беру сапасының халықаралық зерттеулерін өткізетін мемлекеттердің, Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігінің, Білім және ғылым саласын бақылау бойынша Федералды қызметініңөкілдері, Ресей Федерациясының білім саласындағы атқарушы үкіметі субъектілері, сонымен қатар, Ресей Федерациясындағы білім сапасын зерттеуді өткізетін ұлттық координаторлар қатысты.

Конференция жұмысына қатысуға Академияның вице-президенті Мұқатова Мариям Ерғалиқызы шақырылды. Ол пленарлық мәжілісте баяндама жасады. Баяндамада Қазақстанда өткізілген TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерінің нәтижелері, сонымен қатар, республика мектептерінде білім беру мазмұнын жаңарту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Конференцияға қатысушылар білім беру саласындағы ұлттық және халықаралық зерттеулердің нәтижелерін қолдану туралы тәжірибелерімен бөлісті. 

тізімге қайтып келу