Жаңалықтар

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын 2-ші пилоттық сыныптарда апробациядан өткізу
30.11.2016
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын 2-ші пилоттық сыныптарда апробациядан өткізу

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын 30 пилоттық мектептердің 2-сыныптарында апробациядан өткізуді және оларға әдістемелік қолдау көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

2016 жылғы 21-28 қараша аралығында Академия қызметкерлері пилоттық мектептерге барып, жаңа оқу бағдарламалары мен бағалау жүйесін жүзеге асыру бойынша өзекті мәселелерді, бастауыш сынып мұғалімдерінің білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсынымдары мен ұсыныстарын талқылады.

Академияның қызметкерлері сапар барысында сабақтарға қатысты, пилоттық мектептердің 2-сынып мұғалімдерімен және пән мұғалімдерімен сауалнама жүргізді, фокус-топтарда ата-аналармен, мұғалімдермен, мектеп әкімшілігімен әңгімелесу болды.

Сапарлардың қорытындысы бойынша жинақталған материалдар оқу бағдарламаларын, білім беру процесін ұйымдастыруды, бағалау жүйесін, ОӘК, мұғалімдер мен мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курстарының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

2-сыныптарда жаңартылған білім мазмұнын апробациялау процесін зерделеу оқу бағдарламаларының, оқулықтардың, ОӘК, жаңа бағалау жүйесінің сапасын бағалауға, сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуге, жаңа білім беру стандарттарына көшу жағдайында білім беру процесін ұйымдастыру бойынша семинарлар өткізуге, кеңес беруге және педагогтарға одан әрі әдістемелік қолдау көрсету мәселелері бойынша Академия жұмысының бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. 

тізімге қайтып келу