Жаңалықтар

«Қазақстан Болон процесінде: жетістіктері және болашағы» халықаралық конференциясы
25.11.2016
«Қазақстан Болон процесінде: жетістіктері және болашағы» халықаралық конференциясы

2016 жылғы 25 қарашада Академияның қызметкерлері, бас ғылыми хатшы А.М. Мамырханова және кәсіптік білім орталығының директоры А. Е. Абылғазина «Қазақстан Болон процесінде: жетістіктері және болашағы»  халықаралық конференциясының жұмысына қатысты. Конференция ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық Орталығымен ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы құттықтау сөз сөйледі және «Қазақстанда Болон процесі параметрлерін жүзеге асыру: жетістіктері және болашағы» атты негізгі баяндама жасады.

Еуропалық комиссияның Орталық-Азия білім тұғырнамасы үйлестірушісі Кристиан Вангер «Орталық-Азия білім тұғырнамасы (ОАБТ) – жоғары білімді реформалау саласындағы саяси диалогқа көмек көрсету» баяндамасын конференция қатысушыларына таныстырды.

Білім беру саласын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі президенті Каланова Шолпан Мұратқызы «Еуразиялық стандарттардың (ESG) Қазақстандағы сапаны қамтамасыз ету ұлттық жүйесіне ықпалы» тақырыбында сөйлеп қатысушыларды ақпараттандырды.

Одан әрі Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламаларының Ұлттық кеңесінің ұйымдастырушысы Тасболатова Шайзада Өмірзаққызы  «Еуропалық Одақтың Қазақстандағы жоғары білімнің дамуына үлесі» атты баяндама жасады.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Өмірбаев Серік Мәуленұлы «Оқытудың кредиттік жүйесі: еуропалық мәнмәтін» тақырыбына сөйлеген сөзі Қазақстандағы Болон процесінің тарихы мен қалыптасуына арналды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Ордабаев Олжас Темірбекұлы кадрларды даярлау процесіндегі жұмыс берушілердің рөлі тура сөз сабақтады.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің директоры Жұмағұлова Алина Бақытжанқызы «Тәуелсіз аккредиттеу Болон процесінің негізгі параметрлерін жүзеге асыру құралы ретінде» атты баяндама жасады.

Норвегияның білім сапасын қамтамасыз ету бойынша агенттігінің шетелдік білім бойынша департаментінің ғылыми кеңесшісі Ольга Абаскалова «Норвегияда шетелдік жоғары білімді тану» хабарламасын жасады.

Л.Н. Гумилев атындаға Еуразиялық ұлттық университетінің оқу жұмыстары бойынша проректоры Молдажанова Әсегүл Александрқызы, Г.Н. Гумилев атындаға ЕҰУ-дің білім беру саясатының Болон процесі принциптерін жүзеге асыру мәнмәтініндегі басымдықтар туралы баяндады.

ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық Орталығының директоры Нұрмағанбетов Амантай Әбілхайырұлы «Кредиттік ұтқырлықты жүзеге асырудағы қазақстандық ЖОО-ның тәжірибесі» жөнінде баяндама жасады.

Одан соң конференция жұмысын «Білім беру сапасын арттыру мен оқытудың инновациялық технологияларын енгізу» және «Түлектердің жұмыспен қамтылуына әрі ЖОО-ның жұмыс берушілермен диалогының нығаюына көмектесу» параллель сессиялары жалғастырды.

Конференцияны қорытындылай келе қатысушылар ұсыныстар қабылдады. Барлық конференцияға қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

тізімге қайтып келу