Новости

Итоги дистанционного конкурса «Проба пера», посвященного 175-летию Ибрая Алтынсарина
17.11.2016
Итоги дистанционного конкурса «Проба пера»,  посвященного 175-летию Ибрая Алтынсарина

В рамках Плана юбилейных мероприятий, посвященных 175-летию со дня рождения выдающегося казахского педагога-просветителя Ибрая Алтынсарина Национальной академией образования им. И.Алтынсарина был проведен дистанционный конкурс эссе «Проба пера». Предварительно было разработано Положение о конкурсе, которое было разослано управлениям образования областей, городов Астана и Алматы.

В Положении были определены порядок проведения дистанционного конкурса, критерии отбора эссеи темы для написания эссе.Конкурс проводился дистанционно среди учащихся 7-11 классов школ Республики Казахстан.К участию в конкурсе были приглашены учащиеся 7-11 классов школ.

Конкурс был проведен в два этапа: I этап – региональный, II этап – республиканский.

Для участия в республиканском этапе конкурса от каждого региона было принятоне более 4-х работ, из них: 2 эссе на казахском языке, 2 – на русском, при этом 1 работа представляла городские школы и 1 работа - сельские школы.

Всего на республиканский конкурс  поступило  152 эссе. Из них: на казахском языке – 96, на русском языке – 56.

Конкурсной комиссией, в  состав которой вошли лучшие учителя казахского языка и литературы, русского языка и литературы республики, преподаватели высших учебных заведений и сотрудники Академии, были определены победители. Победителями конкурса признаны:

1.Базарова Акторгын, ученица 9 класса средней школы имени Абая, с. Сарыкол, Жанакалинский район, Западно-Казахстанская область

2.Дос Куат Амирбекулы, ученик 9 класса Карауылкединской средней школы, Байганинский район, Актюбинская область

3.Рысдаулет Тогжан Ержанкызы, ученица 10 класса школы-гимназии № 58, г.Астана

4.Керимбаева  Аруна Еркинкызы, ученица 8 класса школы-лицея № 66, г.Астана

5.Мырзахмет Диана Ертаевна, ученица 10 класса средней школы №11 имени Т.Тастандиева, Жуалынский район, Жамбылская область

6.Фоменко Анастасия Николаевна, ученица  9 класса средней школы №8, г.Костанай

Победителям конкурса будут высланы именные сертификаты.

Поздравляем победителей, желаем дальнейших творческих успехов.

 

 

ҚАЛДЫРҒАН   ІЗІҢ   МӘҢГІЛІК

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы

Қарауылкелді орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы

Дос Қуат Әмірбекұлы

                                                                                           

Жетекшісі: Ақтөбе  облысы  Байғанин ауданы

Қарауылкелді орта мектебінің қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі Акдаулетова Алтынай  Ақдаулетовна

 «Ыбырай Алтынсарин өз   халқын оқуға, өнерге үндеуі, 

надандыққа, зұлымдылыққа қарсы шығуы, сол кездегі

         әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып,

өмір  шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа,

   адамгершілікке   тәрбиелеуі оның  шығармашылығының

 халықтық жағы десек, өзі   қазақтың балалар

                                                 әдебиетінің  ең алғашқы негізін салушы болды»                                                                                                                            Қ.Жұмалиев

 

Әр халықтың тарихи даму жолында жарық жұлдыздай бағыт - бағдар беріп, мәңгілік із қалдыратын есімдер ел есінде, жатталатын алып тұлғалар болатыны ақиқат. Сондай ұлы тұлғалардың бірі – «Дала қоңырауы» атанған, ұлан  даланың дара   ұстазы Ыбырай Алтынсарин.                            

Мектеп, мұғалім, білім, оқулық – бір-бірінен ажырамас, тұтас бірлікте қолданатын, бірін-бірі толықтырып тұратын ұғымдар. Ы.Алтынсарин – осы ажырамас ұғымдардың қай-қайсысына болса да өзіндік үлесін қосып, із қалдырған ұлы қоғам қайраткері.                                                                      

Өз заманында қараңғылық пен надандықтың құрсауында отырған халқына ең алдымен білім мен мәдениет қажеттігін түсініп, халқын мәдениеті жоғары елдер қатарына қосуды арман етті, елінің тұрмысын, білімі мен мәдениетін көтеруді мақсат тұтты. Ұлы ағартушы: «Халық үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын көбейту арқылы қазақ қоғамының мешеулігін жоюға болады, сондықтан жастарды оқытып, тәрбиелеу ісінен артық еш нәрсе жоқ»1,- деп түйген болатын. Өзі де сол үрдістен шыға білді.Қараңғылықтан шығудың жолын көрсетіп,  еңбек етті.   

«Менің үнемі ұмтылған тілегім қалай да пайдалы адам болып шығу еді»2,- деп өзінің білімі мен білігін, күш-қайраты мен жігерін халқының жолына арнайды. Ы.Алтынсарин еңбегі ұшан-теңіз. Оны ол оңайлықпен атқарған жоқ. Қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, білім нәрін сепкен, қараңғылықтың бұлтын серпілткен ағартушының ісі, біріншіден, адамшылық болса, екіншіден, ерлікпен пара-пар еді. Алғаш мектеп салу, оқушы тарту, оқулық жазу, мұғалім даярлау сияқты істерді жүзеге асыруда жанкешті еңбек жасады. Ұлт мектебінің іргесін қалап, қазақ балаларына арнап оқулықтар жазды.  Торғай, Қостанай, Ырғыз арасын қыс айларында суыққа шалынып, жазғы аптапта, күзгі жауын-шашында ат арбамен жаяулап, адамдарды білімге шақыру, мектеп салу үшін қаржы жинау оңай шаруа емес болатын. Ол сол қиыншылыққа мойымай, сабырлылықпен, төзімділікпен өз ісін адалдықпен атқара білді. Қазақ қыздарының да көзі ашық, көкірегі ояу болуын қалап, қыздар училищесін ашты. Сонымен қатар қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қолөнер салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға да көп күш жұмсады. Инспектор болып жүрген кезінде мектептерді аралап, қазақ балаларының дұрыс білім алуына, тамағының тоқтығына, жағдайларының жақсы болуына баса назар аударып отырды. Мектеп-интернат балаларына өз қаражатынан тамақ апарып берген кездері де болған.

Иә, Ыбырай  атамыздың  өмір  жолдарына  үңілгенде  осындай  еңбекқорлығын, өз  халқына  адал  нағыз  ұлтжанды адамның  бейнесін  көреміз.  Бұл оның ұлтына деген, ұлтының болашағына деген жанашырлығы болатын. Ол – жай ғана ағартушы емес, халқын сүйетін нағыз ұлтжанды күрескер  деуге  тұрарлық  аяулы жан. Ы.Алтынсариннің қазақ балаларына арнап жазған өлеңдері, әңгімелері, аудармалары – ғибраттық мәні бар баға жетпес мұралар. Ыбырай  атамызды «балалар әдебиетінің атасы» деуі де тегін емес. Оның шығармаларынан жазушының  биік адамгершілік қасиетін, парасат-пайымын, азаматтық тұлғасын айқын көреміз. Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, тума таланты арқылы танылған шығармалары балалар мен жастарды адал, шыншыл, еңбексүйгіш, өнерлі болуға, ұрлық, жалқаулық сияқты жат қылықтардан аулақ болуға үндейді. Ол – жас ұрпақтың білімді ғана емес, тәрбиелі  болып қалыптасуына да күш-жігерін жұмсаған ұлы ұстаз әрі тәрбиеші. Ұлы ағартушының тәрбиелік мәні бар шығармалары қазақ әдебиетінде  тот баспас,  кір шалмас  асыл қазына болып  қалары  сөзсіз. 

Ы.Алтынсарин өз заманында мектеп ашу, бала оқыту мәселесімен бірге, халықтың ой-санасын жаңалыққа жақындатуды мақсат етті. Соны жүзеге асыруда құлшынып, адал еңбек ете отырып, адамдардың жан жақты болуына баса назар аударып, ағартушылық қызметін арнады және жаңалықтың жаршысы бола білді. «Мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш уақытта да қайтпаймын...»,- деп бар ғұмырын халқының жарқын болашағына арнап, өшпес өнегесін танытты. Өмірінің соңына дейін халқына қалтқысыз қызмет атқарды. Қараңғылық пен надандықты жоюдың жолдарын көрсетіп, өзі де сол істердің бел  ортасында  жүрді.                                                                                                         

Бүгінгі таңда  Ыбырай атамыздың ұлы арманы толығымен орындалды,  деп нық сеніммен  айта аламын. Өйткені Ыбырай ата ашқан алғашқы мектепте 14 оқушы білім алса, қазір жыл сайын мыңдаған оқушы мектеп табалдырығын аттайды. Жас ұрпақ сәні мен сәулеті келіскен, балалар үшін бар жағдай жасалған  мектепте білім алуда. Ыбырай атамыз білімнің алғашқы шамшырағын жақса, бүгінде ол үлкен сәулеге айналып, жалғасын табуда. Ұстаздардың ұстазы Ы.Алтынсариннің білімге шақырған ұраны бүгінгі ұрпақ үшін де маңызын жойған емес. Еліміздің тәуелсіздігін паш еткен 25 жыл ішінде әлемдік білім кеңістігінде  бағдарланған  ұлттық білім жүйесі қалыптасты. Қазақ жастары тек Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінде білім алып, тәжірибе жинақтауда. Еліміздің дамуының арқасында, Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында бүгінгі ұрпақ өркениетке аяқ басты.

 Ы.Алтынсариннің күміс қоңырауының сыңғыры жыл сайын білімді де өнерлі өрендерді білім ұясына шақыруда. Біздің болашағымыз айқын. Оған біз Ыбырай Алтынсаринмен әлемдік білім мен мәдениет биігіне шығатын боламыз. Ағартушының ұлы мұраларымен адамшылықтың шуағын сөндірмейміз.   Ы.Алтынсариннің тарихи тағылымын Мәңгілік елдің мәңгі ұлағатына  айналдырамыз.  Ұлт ұстазының салған ізін, дара да сара жолын бағдаршам етеміз.                                      

«...Қалдырған ізің мәңгілік,                                                                           

Жадымда тұрар жаңғырып

Ұстазым менің, ұстазым», -

дегендей, тағылымы мен өнегеге толы  ғибратты  ғұмыр иесі – Ы.Алтынсарин есімі ғасырдан-ғасырға жетері сөзсіз.

ЫБЫРАЙ  АЛТЫНСАРИН   МҰРАСЫ 

     Батыс  Қазақстан  облысы, Жаңақала  ауданы, Сарыкөл  ауылы, Абай  атындағы     жалпы  орта  білім  беретін  мектебінің  9 сынып  оқушысы

                      

                                       Базарова  Ақторғын

пікір  беруші - Абай  атындағы  жалпы  орта  білім  беретін  мектебінің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімі  Ж.Болатбекұлы 

Мектебіміздің 9 сынып оқушысы Ақторғын Базарованың Ыбырай Алтынсаринге арналған «Қалдырған ізің мәңгілік» атты эссесін оқып шықтым. А.Базарова өзінің эссесінде Ыбырайды жан-жақты жаза білген. Оның ерен еңбектеріне, соның ішінде әңгімелері мен мектеп ашқандығына ерекше тоқталған. Эссе мазмұны қызықты әрі тартымды. Тезистерге ұтымды жауаптар мен нақты дәлелдер келтіре білген. Эссе «Ұшталған қалам» тақырыбындағы ең үздік эссе байқауының барлық шарттарына сай жазылған.

Қалдырған  ізің  мәңгілік

        Бүгінгі  өркениет заманында жастарды  имандылыққа, ізгілікке  тәрбиелеуде Ыбырай Алтынсарин атамыздың еңбегі зор. Сол кездегі жастардың білім алуына жағдай жасаған ағартушымыздың ерен еңбегі біздей жасты сүйсіндіреді. Ол кісі шәкірттерді  адамгершілікке, адалдыққа, ізеттілікке,  еңбексүйгіштікке, Отанын сүюге  тәрбиелеу үшін бар күш-жігерін сарп етті. Саналы ғұмырын сапалы білім беруге арнады. Оған мына сөзі дәлел бола алады. Ол кісі өзінің еңбегінде: «Барлық күш-жігерімді олардың  мінез-құлқына да ықпал етуге жұмсаймын...», - деп жазған. [1] Ыбырай – қазақ даласында алғаш мектеп ашып, оның ұстазы да өзі бола білген жан. Қазақ балаларына арнап жазған хрестоматиясы да үлкен ізденістен, көп жылғы еңбектен туған тың дүние. Кітаптың тілі ұғынықты, ішіндегі материалдар да тартымды. Оқушылардың сана-сезіміне, ой-өрісіне, жас ерекшелігіне лайықтап жазылған. Қазіргі жазылған кейбір кітаптардың сапасы сын көтермейді. Кітап қатталып, түптеліп, оқуға жіберілгеннен кейін көзі ашық оқырмандардың өзі қателіктер тауып жатады. Сондай кезде Ыбырай атамыз тіріліп кеп, қазіргі оқушы балаларға арнап бірнеше кітап жазып берсе ғой деп армандап кетесің.        

Мұхтар  Әуезов: «Қазақ  халқының  тарихында  үш  бірдей  биік  мұнара  бар. Олар: Шоқан, Ыбырай және  Абай. Үшеуіне де ортақ нәрсе – қазақ топырағынан жаралғандығы, орыс халқының озық үлгідегі мәдениетінен нәр  алғандығы және туған халқын батыстағы мәдениетті халықтар қатарынан  көргісі келетіндігі», - деп  жазыпты. [2]

        Ақын жастарды еңбексіз табылған байлықтан гөрі, қоғам  үшін  пайдалы  өнер-білім байлығын меңгеруге үндейді. «Өнер – білім бар жұрттар» деген  өлеңінде халықтың тұрмыс-жағдайын жақсартатын техникаларды асқан шеберлікпен суреттейді. Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арнап көптеген әңгіме жазған. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы аудармашы саналатын атамыз қысқа әңгіме жазудың шебері. Кішкентай кезімізден бері оқып келе жатқан «Бақша ағаштары», «Әке мен бала», «Малды пайдаға жарату» әңгімелерін ерекше жақсы көремін. Тілге тиек еткен соңғы әңгіменің («Малды пайдаға жарату» әңгімесі – А.Б) идеясы  қазіргі кездегі бала оқыту, әке мен шеше алдындағы борышты өтеу сынды міндеттермен  үндеседі. «Бір  көп  мал  тапқан бай кісіден көршісі:

 - Бай бола  тұрып, малыңды  қай  жаққа  жібересің?» - деп  сұрапты. Сонда ол тапқан малының бір бөлігін борышын өтейтінін, екінші бөлімін өсімге  беретінін былай түсіндіріпті: «Қарт әке-шешеме берген  ақшаларымды  өтеп  тұрған  борышым  деп білемін, өзімнен туған балаларға оқу оқытуға, асырауға  шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз  қартайғанда  жақсы  асыраса, олардың  борышымды  өтегені  емес пе?»- деп жауап беріпті. [3]

       Бүгінгі күні Ыбырай атамыздың үміті ақталды. Қазір барлық қазақ балалары оқу оқып, алаңсыз білім алып жатыр. Заң жүзінде Қазақстан азаматының барлығы негізгі білімді тәмамдауға міндетті. Ал, 11 жыл оқып өз білімдерін ЖОО-да жалғастарып, әрі қарай дамытып жатқандар да жетерлік. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2030 жылға дейін біраз жобалар жасалды. Соның бірі әрі бірегейі «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдарлама арқылы ауылдың қарадомалақ балалары мен бұрымын жел тараған бойжеткен қыздарына шет елде білім алу мүмкіндігі қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда барлық жағдай жасалған. Тек ағылшын тілі мен өз саласын жетік білу керек. Жол шығыны, жататын жері, шәкіртақысы, оқу ақысы барлығы - мемлекет тарапынан төленеді. Бұл бағдараламамен осы кезге дейін біраз жастар шет елде білім алып, алған білімдерін еліміздің игілігі жолында қолданып жатыр. Қазіргі білім беру жүйесінде ағылшын тілі 1 сыныптан бастап оқытылады. Орысша түсінбейтін қазақ баласы кемде-кем. Бәрі сауатты. Бәрі білім алуға ұмтылып жатыр. Олардың ішінде сізде барсыз, менде бармын. Бұны көкірегі қазына, әр сөзі таптырмас ақыл сынды данагөй бабамыздың ерен еңбегінің жалғасы деп білуіміз керек. Білім саласында бағындырған белестердің бәрінің басында Ыбырай Алтынсарин тұратындығын естен шығармағанымыз жөн. «Біз  болмасақ - сіз барсыз, сендерге берем батамды, үміт еткен достарым», - деп сенімді үндеу тастаған ұстаздардың ұстазы, бүгінгі жастарға да үлкен сенім артқан. Ендеше, Ыбырай атамыз артқан сенімнің үдесінен шығуға бәріміз бір кісідей атсалысайық...

Ыбырай Алтынсарин мұрасы

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы

№ 58 мектеп – гимназиясының 

10 «А» сынып оқушысы

Рысдәулет Тоғжан Ержанқызы

Пікір беруші - № 58 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі    Ж.Е. Жұмағалиева

Қалдырған ізің мәңгілік

 Кел, балалар, оқылық

 Оқығанды көңілге

 Ықыласпен тоқылық!

- деп қазақ балаларын ең алғаш білімге шақырған Ыбырай Алтынсарин болатын.

Ыбырай аса көрнекті ағартушы, жаңашыл педагог, ақын әрі жазушы, фольклоршы, этнограф. Ыбырай өзінің маңдай терін жас қазақ балаларын оқытудан бастады. Ұстаздық жол – ауыр жол, демекші, осы жолда қажырлы еңбек етіп, жас бүлдіршінді білім нәрімен сусындатып, ең алғаш мектеп ашқан. Ыбырай атамыз салған із әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Бұл – ұрпақтан- ұрпаққа жалғасатын мәңгілік мұра іспеттес. Қазақ қыздарын ер балалармен теңестіріп, теріс пікірлерге қарамастан, мектеп салып, қолөнерді үйреткен Ыбырай Алтынсарин болды. Сол Ыбырай салған дара жолда қаншама білімді қыз бен жігіттер талай шыңдарды бағындырып, қазақ елінің есімін әлемде дүркіретіп, сан мәрте көк туын желбіретті  десеңізші!

Мұхтар Әуезовтың  Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсаринді «Қазақ халқының үш бірдей мұнарасы»  деп атауы менің айтқандарыма дәлел бола алады. Тарихымызда өшпестей із қалдырып, халықтағы тіл мен діннің жойылып кетпей бүгінгі күнге дейін жетуіне, сол замандағы  өнер мен білімнің қалыптасып, одан әрі дамуына үлкен үлес қосқан осы  ұлы тұлғалар болды. Сондықтан да Мұхтар Әуезовтің  бұл ізгі тұлғаларды, соның ішінде Ыбырай Алтынсаринді «мұнараға» теңеуі өте орынды теңеу деп ойлаймын. Себебі, халқымызға жасаған барлық игі істері арқылы қазақ тарихында да, қазақ әдебиетінде де тек биік шыңнан орын алмақ.

Сол биік мұнаралардың ішінде Ыбырай Алтынсарин халықтағы сауаттылықты  қалыптастыруымен, елдегі надандықты жоюға зор үлес қосуымен ерекшелене білді. Алғаш Торғайда мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин, қазақ балаларын сауаттандыруды өз қолына алып, ел  ертеңін ойлаған алғашқы педагог болды. Себебі, ғылым мен білімнің барлық  қазақ балаларына толықтай  берілуі – қазақ өркениетінің  жоғалмауына, қазақ тілінің тапталмауына мүмкіндік берді деп ойлаймын. Сонымен қатар, Ыбырай атамыз елдің ертеңгі  келешегі отаршылдық азабын көрмеуі үшін, ғылым мен білімнің атқаратын қызметі зор екендігін біліп, сол білім мен ғылымға баруға үлкен жол ашқан болатын.   Сол ізгі жолмен қаншама қазақ балалары жүріп, көптеген жемісті еңбектер мен жеңісті жетістіктерге жетуде, тіпті, қазіргі таңдағы халқымыздың ана тілі – қазақ тілінің тіл болып қалыптасуы да, осы Ыбырай Алтынсариннің арқасында. Әрқашан шәкірттеріне бар пейілімен, бар ынтасымен дәріс берген  ұлы ұстаздың бір арманы – өз шәкірттері мен ертеңгі болашақтың жастары білімді де парасатты, көзі ашық, көкірегі ояу тұлғалардан болғанын қалап, сол жолға өзінің бар жан дүниесін салған болатын. Менің ойымша, Ыбырай Алтынсариннің сол үлкен арманы орындалды, себебі, қазіргі таңда әр адам білім алу мен өз еркімен жұмыс істеуге құқылы әрі еліміздің  білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктері де аз емес. Бұл дегеніміз – ұлы педагогтың аянбай қызмет етіп, педагогика саласындағы  алдына қоя білген мақсатының бағындырылғаны.

Келешекке нық сеніммен қадам басу үшін, Ыбырай Алтынсарин өзінің жолын қуған ізбасарларының жан дүниесі төзімділік, мейірімділік пен өнегелік сияқты асыл қасиеттерге толы болғанын қалаған. Мен бұл пікірді Ыбырай Алтынсариннің: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген қанатты сөзіне сүйеніп айтып отырмын. Ұлағатты ұстаздың бұл пікірді айтқан себебі - әр шәкірт өзіне тәлім беретін жанды өзгелерден биік әрі өзіне үлгі ретінде көретіні анық. Сондықтан да  әр мұғалім Ыбырай көрсеткен өнегелі жолмен жүруге міндетті деген ойдамын. Сондай-ақ, біздің мектеп мұғалімдері де осы Ыбырай атамыздың салып кеткен ізгі жолымен жүріп, балаларға тәлім-тәрбиені жан аянбай беруде.                                                          

 «...Біз болмасақ, сіз барсыз,

 Үміт еткен,достарым,

 Сіздерге бердім батамды!»

- деп Ыбырай атамыз ертеңгі келешекке зор үміт арта  отыра, ел өркениетінің жандануы осы жастар қолында екендігін әрі сол өскелең ұрпаққа ақ батасын беріп, жастарға зор сеніммен қарайтынын осы «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңі арқылы өз аманатын  жеткізгенін көре аламыз.

Білім мен ақыл – жаратқанның адам баласына берген ең үлкен сыйларының бірі. Ал сол сый мен қоса көптеген адам тәнті боларлықтай қасиеттердің әр жанға ұқыпты берілуі ұстаздардың жұмысы. К.Д.Ушинский : «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен –тарихтағы ең ұлы істердің бірі» деп айтқандай, ұстаздың қызметі ең ауыр. .Осы ауыр қызметте Ыбырай атамыздың ізімен келе жатқан ұстаздардың ерең еңбегін дәл осы тұста қалай айтпай өтуге болады?!  Қазіргі таңда Елордамыз Астана қаласының өзінде 80-нен астам мектеп бар. Осы оқу орындарының ұлағатты  ұстаздарының барлығы да Ыбырай ұстанған ұстаныммен сабақ беріп, оқу жүйесіне әрдайым жаңашылдық пен  өзгеріс енгізіп отырады. Сол сияқты біздің мектебімізде де  қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялар көмегімен сабақ бере отыра, шәкірт барынша түсінетіндей, ізденіп өздігінен білім алатындай етіп сабақтар өткізіледі. Берілетін пәнге деген біздің құлшыныстарымызды арттыру мақсатында және сабақтың қызықты өтуі үшін әр мұғалім барлық білімін, іс – тәжірбиесін  біз, жас буын үшін, біздің  келешегіміз үшін ортаға салады. Сонымен қатар, ұстаздарымыз тек  белгілі бір пән бойынша ғана сабақ беріп  қоймай, сондай-ақ, оқушы тұлғасындағы жан дүниенің тазалығы мен  адами асыл қасиеттерді жандануына өз септіктерін тигізіп жатады. Оған дәлел ретінде, менің сүйікті пәнімнің, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Жанерке Есімұратқызын айта аламын. Бұл ұстазым өзіне Ыбырай Алтынсаринді үлгі ретінде көреді, сондықтан сабақ беру жүйесі әрдайым жаңарып отырады. Әрдайым сабақтың қызықты өтуі үшін көптеген тың материалдар мен қызықты мәліметтерді өз жоспарына қоса отырып, әрқашан шәкірт жүрегінен орын алады. Меніңше, өз білімін шәкірт жолына арнаған әр ұстаз үшін бұдан асқан бақыт жоқ.

 «Шәкірт ұстазына қарап бой түзейді» демекші, мен де өз ұстазыма ұқсап, Ыбырай атамның салған мәңгілік ізімен жүріп, жас жеткіншектің жүрегіне білім нәрін сеуіп, болашақта білімді қазақ балаларын тәрбиелейтін ұстаз атанғым келеді. 

Ойымды қорытындылай келе мына өлең жолдарын оқу – білімнің шырағын жаққан Ыбырай атама арнағым келеді

Қыран құстай қомданып,

Өр тұлғасы сомдалып.

Биіктерді бағыттап,

Қарыштаған алға нық.

Тынымсыз өткен күніңмен,

Ұйқысыз өткен түніңмен.

Санасына шәкірттің,

Білім нәрін сіңірген,

Тірісің сен Ыбырай,

   Тірісің сен мәңгілік!

 

«Давайте, дети, учиться!»

Фоменко Анастасия Николаевна

ученица 9 «А» класса средней школы № 8,

г. Костанай

учитель-рецензент: Чесовская Т.В., СШ №8, учитель русского языка и литературы

Ибрай Алтынсарин… Это имя известно каждому человеку в современном мире. И не только в Казахстане, но и за рубежом. Чем же так знаменит этот человек?

Ибрай Алтынсарин – это и проза, и стихотворения, и публицистика. Это человек, который открыл первую школу на казахской  земле, внес большой вклад в развитие педагогики.

Но лично для меня – это учитель, учитель жизни. Как много интересного и поучительного можно найти в его произведениях! И все это лежит на поверхности, просится в сердце, в душу.

Ибрай Алтынсарин – это Учитель с большой буквы. Вы спросите, почему я, ученица 9 класса, могу с такой уверенностью судить о его педагогическом наследии? Да потому, что, прочитав его стихотворение «Давайте, дети, учиться!», его наставления, я сама захотела стать учителем, наставником для младшего поколения. Ведь сама фраза, которая легла в название его стихотворения, - это не просто слова, обязывающие детей получить образование. Это слова, идущие от самого сердца, это своеобразный наказ будущим поколениям, это ниточка от прошлого к будущему.

Что видит человек, когда рождается? Яркий свет. Именно с этой минуты человек начинает учиться. И поэтому Алтынсарин олицетворяет образование со светом, который несет все лучшее, что есть в мире. Какое простое сравнение, а какой глубокий смысл заложен в нем!

Ибрай Алтынсарин – это тот человек, который всегда шел к свету и звал с собой других. В своем знаменитом стихотворении «Давайте, дети, учиться!» он так определил значимость учения:

Ученье даст вам счастье,

Оно озарит, как свет…[1]

Сегодняшнему поколению дается все легко. Я часто задумываюсь, смогла  бы я учиться, если бы у меня не было соответствующих для этого условий, несмотря на всевозможные запреты, лишения? Не знаю.

А вот Ибрай Алтынсарин смог. Он жил и творил в очень непростое время. С какими только трудностями он не сталкивался, когда занимался строительством первых в Казахстане школ, когда отдавал все свои силы просвещению родного народа, когда шел против правил, установленных царским правительством!

Когда я читаю стихи Ибрая Алтынсарина, мне всегда хочется сделать что-либо полезное для своей семьи, своих друзей, своей страны. Его произведения заставляют задуматься о жизни, о своих поступках. Я начинаю стремиться к лучшему, чтобы и у меня на лице, как заметил Алтынсарин в своем стихотворении, начал «лучиться привет».                        

Но Ибрай Алтынсарин был против простого заучивания, он был уверен, что все знания нужно пропускать через свое сердце и навек в памяти сохранять. И это необходимо прежде всего для того, чтобы потом применять свои знания на практике и тем самым приносить пользу своей Родине. Лишь только в этом случае деяния каждого  смогут «яркий оставить след».

По твердому убеждению великого просветителя, материальные блага в любой момент могут исчезнуть, а знания – это нечто «растущее», «вечно живое», которое в дальнейшем никогда не подведет и даже принесет стабильный доход.

Сам Ибрай Алтынсарин всегда осуждал людей, бегущих от знаний. Ведь только знания могут облагородить человека, не дать впасть в «темноту невежества». Такому человеку «счастье жизнь не дает». Сам учитель казахского народа никогда не позволял себе останавливаться, быть безразличным к трудностям своего народа, к его беспросветной безграмотности. Он был Первым всегда и во всем.

В старину говорили: «Доброе дело два века живет, доброму – добрая память». Дело Ибрая Алтансарина будет жить не два века, а намного больше. Почему? Да, потому,  что на его произведениях можно научиться всему и только хорошему: доброте, любви к Родине, к ближнему, ответственному отношению к своим поступкам.

Больше всего в стихотворении Алтынсарина «Давайте, дети, учиться!» мне нравится то, что он не останавливается на ученическом долге, а идет дальше. Начальные знания – это путь к активной гражданской позиции. И поэтому Алтынсарин старался с детства прививать детям чувство патриотизма, интереса к историческому прошлому своей Родины.

Я учусь пока еще в 9 классе. Но уже понимаю, что такое настоящий учитель. Я благодарна тем педагогам, которые не просто дают урок, а хотят изменить своего ученика, вложить в его сердце и душу все самое лучшее, светлое, чистое. И таким педагогам, на мой взгляд, и был Ибрай Алтынсарин.

И он не просто занимался административной работой, когда открывал школы. Большая часть его наследия посвящена именно педагогике, навыкам работы с детьми.

Я могу с уверенностью назвать Ибрая Алтынсарина Первым народным учителем степи, настоящим патриотом своей Отчизны.

Меня даже удивляет, сколько он смог передать нам доброго, вечного, передового! Ведь не только на его просветительской литературе можно учиться, но и на сказках, стихотворениях, рассказах. Все они несут огромный смысл и своеобразное поучение.

Я  хочу обратиться к своим товарищам. Ребята, читайте наставления великого педагога на все века – Ибрая Алтынсарина. И только тогда вы сможете выбрать верную жизненную дорогу и стать настоящими людьми.

 

«ДАВАЙТЕ, ДЕТИ, УЧИТЬСЯ!

Мырзахмет Диана Ертаевна

 ученица 10«А» класса средней школы № 11 имени Т.Тастандиева Жуалынского района Жамбылской области

 

Учитель-рецензент: Курманалиева К.К., СШ имени Т.Тастандиева, учитель русского языка и литературы

Несколько дней назад в нашей школе проходила Неделя языков, и я участвовала в  конференции, посвященной Её Величеству - Книге.  В ходе конференции выяснилось, что из 20 участников  за время летних каникул книги прочитали только трое. Неутешительны были и цифры статистики, гласящие о том, что интерес к книгам, чтению,  художественному слову  неуклонно падает. Предпочтение большинства опрошенных участников конференции - телефоны, компьютерные игры и телевизор. Сообща, мы искали выход из совсем не утешительной ситуации. И впору было закричать: «Друзья мои! Куда мы катимся?» Наверное, это и хотел выразить  учитель, призвавший всех нас: и участников и гостей – изменить отношение к учебе, к чтению книг словами великого казахского просветителя И.Алтынсарина: «Кел, балалар, оқылық!»

«Кел, балалар, оқылық!» Этот призыв украшает арку при входе в нашу  школу. Нет, наверное,  ни одного казахстанца,  который бы не учил и не знал этих строк, их автора – Ибрая Алтынсарина.

Ибрай Алтынсарин - выдающийся просветитель, общественный  деятель, педагог-новатор, ученый-этнограф, поэт и писатель, один из основоположников казахской письменной литературы и литературного языка, создатель  казахского алфавита на основе русской графики1.

Каждое из этих определений раскрывает его носителя с совершенно новой стороны, подчеркивает его обширный кругозор, вызывает уважение, так как  формировалось оно в сложной борьбе с феодальной аристократией, с реакционной политикой царизма.

«Давайте, дети, учиться!» Ведь сколько идей, эмоций, мечтаний  вложено поэтом в эти незамысловатые строки стихотворения! В обучении, в овладении русским языком видел просветитель безоблачное будущее казахского народа, Сколько было трудностей в этом нелегком деле – приобщить кочевое население к учебе. Он прожил короткую жизнь, всего  сорок восемь лет, и сознательные  годы жизни посвятил просветительско-педагогической деятельности,  результатом которого стало открытие  четырёх  двухклассных центральных русско-казахских училищ, одного ремесленного училища, одного женского училища, пяти волостных школ, двух училищ для детей русских поселян.

Мы знаем также, что при его непосредственном участии обустраивались эти заведения, создавались библиотеки.

Школа и библиотеки в понимании Ибрая Алтынсарина – очаги культурного просвещения народа. Создавая библиотеки, он преследовал цель: « … чтобы и окончившие курс   [ученики], грамотные вообще люди, имели в степи места, откуда есть возможность брать полезные книги и руководства к дальнейшему их самообразованию»1. А ведь книги действительно были редчайшей ценностью в те времена. Об этом я узнала на конференции, где в  пример были приведены  слова Герольда Бельгера, казахстанского писателя, который говорил о том, что книги в казахском ауле военных и послевоенных лет были большой проблемой.  Книг не хватало и дошло до того, что будучи          9-летним мальчиком,  Герольд пробирался в кабинет отца-врача  и читал книгу о женских болезнях. Потом смотрел на любую девицу и гадал, какие у нее болезни. Только после войны в ауле стали появляться книги – они все были на казахском языке.

Понимая значение книги для людей прошлых столетий,  начинаешь понимать величину заслуги И.Алтынсарина, основоположника  первых школьных библиотек. Он старался обеспечить книгами все школы, для чего выписывал их из Петербурга, Москвы, Оренбурга и других городов. Это стоило больших затрат, усилий, ведь средства  он собирал с населения. Впоследствии школьные библиотеки пополнятся его бесценными трудами: «Киргизская хрестоматия», «Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку», переводами произведений, большим творческим наследием, нашедшим отражениев стихах, рассказах, пословицах, поговорках, загадках, баснях, сказках.

Да, Ибрай Алтынсарин – это горящая искра, которая осветила путь к знаниям не только наших дедов, прадедов, но и женской половины населения. Ведь тема равноправия, тема мусульманской девушки всегда была и остается темой острой, болезненной. И в наши дни, оказывается, есть неграмотные  женщины. Лично я была очевидцем такой ситуации, когда женщина  не могла заполнить и расписаться в каком-то бланке. Как ей, этой женщине, было стыдно передо мной, ученицей. Но я её не осуждаю. По этому поводу я долго спорила с родителями, которые считали неграмотность женщины пороком. Я же доказывала, что это большая проблема, причем общественная, которую мы, казашки, избежали, благодаря Конституции Республики Казахстан, Закона об образовании, которое предусматривает право на  бесплатное обучение всех и вся. Немногие в своё время могли увидеть в девушке, женщине личность, человека – с мыслями, идеями, желаниями. Поэтому, наверное, мы трепетно относимся в таким шедеврам казахской классики как «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу», «Еңлік- Кебек».  И в этом плане  неоценима деятельность Ибрая Алтынсарина, который приобщал  казахских девушек к образованию. Ведь именно с его именем связано начало женского образования в Казахстане.Именно им была создана первая специальная школа для девочек с интернатом.

«Давайте, дети, учиться!» Этот призыв актуален и по сей день. Во многом переплетаются идеи великого мыслителя прошлого столетия с идеями ученых нынешнего времени. Если И.Алтынсарин видел прогресс казахского народа в изучении языков, русского языка - ключа к передовой науке и культуре,  то в настоящее время ученые видят прогресс современного

Казахстана в изучении и свободном владении английским языком. Да, благодаря мудрой политике Президента республики, расширяются границы возможного. Мы не довольствуемся достигнутым – мы хотим доказать всему миру о существовании нации, у истоков которых стоят такие великие личности  как Абай, Чокан  Валиханов, Ибрай Алтынсарин. И этот поток имен нескончаем…

«Казахстан должен восприниматься во всем мире как высокообразованная страна, население которой пользуется тремя языками. Это: казахский язык – государственный язык, русский язык – как язык межнационального общения и английский язык – язык успешной интеграции в глобальную экономику»[1], – сказал Президент Н.Назарбаев в своем Послании народу Казахстана.

Мне кажется, этот проект возымеет успех, как в свое время начинания великих ученых, в числе которых достойное место занимает Ибрай Алтынсарин, просветительские идеи которых основывались на знании и изучении языка и культур многих народов.

                                                                                                           

                       Керимбаева Аруна,

ученица 8 «Г» класса

школы– лицея № 66,

г.Астана   

"Давайте, дети,учиться!"

«…Чтобы познать себя, надо упорно учиться»

Абай Кунанбаев.

Осенний день октябрьского утра. Я снова иду в школу. Знаю, почему. Мне нравится учиться, познавать себя и других, учиться понимать окружающий мир. Ведь человек должен стремиться понять мир, в котором он живёт и усвоить его ценности. Понимание и усвоение знаний даётся человеку с помощью его способностимыслить.

Мои мысли дополняют замечательные слова великого Учителя нашего народа Ибрая Алтынсарина: "Давайте, дети, учиться!" В этом году мы отмечаем его 175–летие. Да, больше века назад они прозвучали из его уст в его же стихотворении «Давайте, дети, учиться!». Как они актуальны сейчас в наше время!

Вспомним историческую обстановку того времени, когда процветали косность и невежество.Не зная букв, большинство казахов оставались безграмотными, «тёмными». Не было школ, не хватало квалифицированных учителей. Писателя волновало несправедливое отношение правительства к простому народу, полное безразличие к его судьбе. Осознание неустроенности жизни своего народа не оставляет поэта спокойно смотреть на окружающую действительность. Именно тогда Ибрай Алтынсарин написал своё чудесное стихотворение "Давайте, дети, учиться!" Оно прозвучало, как призыв, как гимн подрастающему поколению в далёких казахских степях. В данном стихотворении показано основное направление и содержание его гражданской лирики. В нём говорится о пользе научного познания, о значении учёбы в жизни человека и общества.

Такие строки, как

Учение даст вам счастье,

Оно озарит, как свет,

Каждое ваше желание

Яркий оставит след...

напоминает нам, что учёба для нас - это непрерывный процесс, бесконечная дорога в страну Знаний. А знание, как маяк, как факел, указывает нам путь в безбрежном океане жизни, по которому мы идём. Мастерски используя традиции устной народной поэзии,Ибрай Алтынсарин стремился сделать свою мысль максимально ясной, понятной каждому читателю:

Знайте, неграмотный бродит,

Словно слепой во тьме.

Дети, будем учиться!

И знания светлые нити навек

В свою благодарную память вплетём.

Учение схоже с алмазом, самым драгоценным камнем.

…Сила его растёт,

К грамотному человеку

Алмазна поклон идёт...

Грамотный жизнь познаёт

Во всей его красоте,

Грамотный дотянуться

Сможет к своей мечте!

Моя мечта – стать журналистом. Мне нравится эта профессия тем, что постоянно находишься среди людей. Дома воображаю себя журналистом, беру интервью у своих домашних, придумываю интересные вопросы на разные темы.

Сила художественного мышления, поэтическое мастерство, воспитательно - педагогическая направленность стихотворения « Давайте, дети, учиться!» делает творчество Ибрая Алтынсарина исключительно полезным, нужным народу, в особенности молодёжи. Что же нужно нам, подрастающему поколению? Я бы ответила – образование. Без образования ничего не достигнешь в своей жизни.Человек должен учиться всю свою жизнь.Прежде всего, осмыслить свою индивидуальность, совершенствовать себя как личность, глубоко понимать важность сохранения качеств настоящего человека, открывать для себя новые грани таких ценностей, как любовь, добро, истина, красота, благородство,честь, достоинство.

«Я всегда готов учиться», - утверждал Уинстон Черчилль. Полностью разделяю его мнение. Только учёба, только знание дают нам возможность узнавать всё новое, исследовать неизведанное, открывать дорогу в будущее.

Каждый день пребывания в школе делает нашу жизнь интересной, насыщенной. Каждый урок помогает мне находить ответы на многие вопросы, непонятные мне. Путеводителем моим был, остаётся и будет оставаться учитель – самый дорогой, самый нужный человек в школе. Сколько энергии, труда, здоровья отдаёт он нам! В нашей школе все учителя дают нам должное образование и воспитание. Я низко склоняю голову перед ними. Я всех их люблю!

Как сильно удивился бы Ибрай Алтынсарин, увидев вокруг себя столько прекрасных школ. Конечно, он был бы несказанно рад, безгранично счастлив. Мечта его сбылась. В одной только Астане насчитывается более восьмидесятишкол, где получают прекрасное образование несколько тысяч детей.А сколько образовательных центров вокруг, которые дают возможность моим сверстникам учиться в престижных вузах не только в Казахстане, но и за рубежом.

Говорят, счастье - это, когда хочется идти на любимую работу, а вечером - домой. Моё счастье - учиться, ходить в школу, как на праздник. Именно здесь я встречаюсь с учителямии друзьями.Здесьизучаем иностранные языки и решаем сложные задачи и уравнения. Именно здесь рождаются самые захватывающие идеи и открытия, здесь мы постигаем азы НАУКИ.

вернуться к списку