Жаңалықтар

Ы. Алтынсариннің 175–жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция
4.11.2016
Ы. Алтынсариннің 175–жылдық мерейтойына арналған  халықаралық  конференция
 

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын  тойлау Ұлы даладағы әйгілі педагог-ағартушы  Ы.Алтынсариннің  мерейлі 175 жылдығымен сәйкес келіп отыр. Өз халқына шексіз қызмететкені үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ыбырай Алтынсаринді Қазақстанның халық ағарту саласының  тұңғыш  ағартушысы деп атаған.

Бәрімізге мәлім, Ыбырай Алтынсарин сол алыс жылдары Торғай мектебінде мұғалім болып жұмыс істей отырып, оқу-тәрбие процесін жаңаша ұйымдастыра білді, сонымен қатар, ол«Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралының» авторы болып табылады. Ы.Алтынсарин жастарға кәсіптік білім берудің қажеттігін терең ұғынып, ол қазақ жастарын өнердің әр түрін меңгеруге шақырды, 1883 жылы Торғай қаласында тұңғыш қолданбалы өнер кәсіптік-техникалық оқу орнын, ал1888 жылы Орскіде қазақ жастарының арасынан бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын мектеп ашты.Ұлы Ыбырай – қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашы, ол бірінші болып Л. Толстойдың, И. Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Қазақ халқының ұлы перзентінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында «Ы.Алтынсарин» медалі белгіленді.

Ыбырай Алтынсариннің есімі Ұлттық білім академиясына, бірқатар елді мекендерге, Қазақстан қалаларының көптеген көшелеріне, республиканыңелу мектебіне, Арқалық педагогикалық институтына, Рудныйдағы әлеуметтік –гуманитарлық колледжіне берілді. Оның туған жерінде мемориалдық мұражай ашылды.

Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына арналған «Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім беру» конференциясы ұлы ағартушының педагогтік мұрасын зерделеу бойынша тәжірибе алмасуды және оның идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде іске асыруды көздейді.

Бүгінгі күні отандық білім беру саласында көптеген жаңалықтар енгізілді, сондықтан тарихи сабақтастықтың маңызы зор.

Конференцияның қатысушыларына зор денсаулық, жемісті еңбек тілеймін!

Білім және ғылым министрі            Е. Сағадиев

 
 
 
Көрнекті қазақ педагогі – ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына арналған Мерейтойлық іс-шаралар жоспары аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім» халықаралық конференциясының жұмысын бастады (бұдан әрі - Конференция).

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, академияда әр жылда жұмыс жасаған ардагерлер мен басшылар, отандық және шетелдік ғалымдар, республикалық ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың өкілдері, Ы.Алтынсарин атындағы барлық типтегі білім беру,  қоғамдық ұйымдардың  өкілдері қатысуда.

Конференциянының қосымша ұйымдастырушылары: Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық  мемлекеттік педагогикалық институты, Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі.

Конференцияның пленарлық мәжілісі Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының «Конституция» залында өтуде.

 

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС

«Ы.Алтынсарин тағылымы: дәстүр және инновация сабақтастығы» Жылбаев Жанбол Октябрұлы

Миразова Аягүл Төреқызы «Ыбырай ізімен»

«Жақсы мұғалімнің өмірлік құндылығы» Бережнова Елена Викторовна

Башарұлы Рахметолла «Ыбырай Алтынсарин өскен өнегілі орта: ғибраты мен шапағаты және тарихи сабақтастық»

 

Серғазы Қалиұлы «Ы.Алтынсарин – Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің негізін салушы, ұлы педагог, демократ, ағартушы»

«Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен қызметінің өміршеңдігі» Асипова Нұрбубу Асаналиевна


 

«Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық идеяларының Қазақстан Республикасы заманауи білім беру жүйесін жаңарту үдерісімен үндестігі» Әбіл Еркін Аманжолұлы

 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында күннің екінші жартысында (2016жылғы 4 қараша) 3 панелдік сессия шеңберінде «Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім» халықаралық конференциясы өз жұмысын жалғастырды.

Панелдік сессияда сөз сөйлеушілер өз баяндамаларында Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеяларын мектептік білім беру тәжірибесіне енгізу тәжірибелерімен бөлісіп, білім мазмұнын  жаңарту жағдайында Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеяларының сабақтастығы мәселелерін талқылады, Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасының заманауи кәсіптік біліммен байланысын талдады.

№1 панельдік сессия.Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметінің құндылық негіздері.

Ахметова Пернегүл Әлімқызы. Ағартушы өмірі мен мұрасының шырақшы орны 

Сырымбетова Ләйлә Сарқытқызы. «Мәңгілік Ел» құндылықтары: балалар мен жастар тәрбиесіндегі тарихи сабақтастық мәселелері 

Каримуллина Райхан. Ұрпақтың көзқарасын өзгерткен - ұлы педагог   

 

2 панельдік сессия.Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы  Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының сабақтастығы.

Мұқатова Мәриям Ерғалиқызы. Білім мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдар 

Кәрімова Бағлангүл Түсіпқызы. Мектептің білім беру мазмұнын жаңарту және үштілді тұлға қалыптастырудағы Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасының рөлі.

№3 панельдік сессияЫбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасы және қазіргі кәсіптік білім. 

 

Арынова Раушан Еркінқызы. Үштілділікті оқыту мәселелері және оны шешу жолдары.

Мұқашева Манаргүл Өмірзаққызы. Қазақ мектебінің қалыптасуындағы әлеуметтік- экономикалық факторлардың рөлі.

тізімге қайтып келу