Семинарлар, конференциялар

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына байланысты халықаралық конференция
14.09.2016
Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына байланысты   халықаралық конференция

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2016 жылғы 4 қарашада ұлы педагог – ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына байланысты  "Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім"  халықаралық конференциясын өткізеді.

 

Конференция мақсаты: Ы. Алтынсариннің педагогтік мұрасын зерделеу бойынша тәжірибе алмасу және оның идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде іске асыру.

 

№1 панельдік сессия. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметінің құндылық негіздері.

Өзекті алаң:

Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы және қызметі. Қазақ балалары, қыздары үшін мектептер ашу. Білім мазмұнындағы пәндік тәсіл принциптері  және оны жобалау. Еңбек және рухани тәрбие. Ы. Алтынсариннің әдеби мұрасы.

 

2 панельдік сессия. Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы  Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының сабақтастығы.

Өзекті алаң: Оқыту мен тәрбиенің дидактикалық принциптері. Мектептегі білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық педагогикалық тәсілдері. Үш тілде оқыту.

№3 панельдік сессия Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасы және қазіргі кәсіптік білім.

Өзекті алаң: Қолөнер және ауыл шаруашылық мектептерін ұйымдастыру. Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу. Кәсіптік бағдар.  Дуалдық оқыту, қолданбалы бакалавриат.

Конференцияның жұмыс  тілдері  – қазақ, орыс.

Конференцияға қатысу үшін: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері, Академия ардагерлері, әр жылдардағы Академия басшылары, Ы.Алтынсарин атындағы білім беру ұйымдарының өкілдері, отандық және шетел ғалымдары, барлық типтегі білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылады.

Конференцияның ұйымдастыру комитетінің құрамы:

Төраға Жылбаев Жанбол Октябрұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент (Астана қ.).

Мүшелері:

Әбіл Еркін Аманжолұлы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректорының міндетін атқарушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қостанай қ.);

Қуанышбаев Сейтбек Бекенұлы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы, доцент (Арқалық қ.);

Нұржанова Анар Жұмағазықызы, Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының  директоры (Қостанай қ.);

Құсайын Жомарт Қоңырбайұлы, Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік- гуманитарлық колледжінің директоры (Рудный қ.);

Ахметова Пернегүл Әлімқызы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты мұражайының директоры (Арқалық қ.);

Қалкеева Камарияш Райханқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы (Астана қ.);

Мұқатова Мәриям Ерғалиқызы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент (Астана қ.);

Мамырханова Аймен Молдағалиқызы,  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғалым-хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент (Астана қ.);

Наурызбай Жұмағали Жөкейұлы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Тәрбие теориясы және әдістемесі орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Астана қ.);

СырымбетоваЛәйля Сарқытқызы,Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Үштілді білім беру орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент (Астана қ.);

Абылгазина Айгүл Есімжанқызы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Кәсіптік білім беру орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты (Астана қ.);

Тастанова Анар Каирбайқызы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Баспа орталығының директоры, педагогика ғылымдарының магистрі (Астана қ.).

 

Құрметті әріптестер!

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Конференцияға қатысу және жинақта мақаланы жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге.

Әрбір қатысушыға: сертификат, бағдарлама, үлестірме материалдар, конференцияның материалдар жинағы электронды түрде PDF форматында беріледі.

Материалдарды 2016 жылғы  05 қазанға дейін www.nao.kzсайтына тіркеліп жіберілу қажет.

Қажетті материалдар тізбесі:

1) берілген нұсқаға сәйкес өтінім;

2) талаптар мен нұсқаға сәйкес жазылған мақала;

3) ұйымның қолы қойылған және мөрімен расталған қосымшада берілген нысанға сәйкес жазылған рецензияның көшірмесі;

4) ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы түбіртек.

 

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Материалдар электронды түрде жіберіледі: мәтін редакторы MS WORD;

А4 форматы, негізгі шрифт – Times New Roman; кегль – 14, жоларалық интервал – 1; стиль – қалыпты; мәтінді ені бойынша түзету; азат жолы  – 1,0 см; барлық жиектері – 2 см. Беттер нөмірленбейді.

Жоғарғы жағының ортасынан – тасымалсыз жазба әріптерімен, жартылай қалың, баяндама тақырыбы; одан әрі бір жолдан кейін ортасына қарай – автордың аты-жөні (бір баяндамада үш автордан көп болмауы тиіс), одан әрі бір жолдан кейін ұйымы, қаласы, автордың е-mail, ғылыми жетекшінің аты және тегі, қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (студенттер, магистранттар, докторанттар үшін көрсету міндетті), пікір берушінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйымы, қаласы (пікірдің сканерленген көшірмесі мақаламен бірге жіберілу керек); одан әрі бір жолдан кейін – мақала мәтіні. Әдебиет сілтемелері тік жақшамен алынады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің болуы міндетті. Тасымалдау қойылмайды (Қосымша 1).

Мақала мәтінінің соңында:

- қазақ және орыс тілдерінде аннотация  (3-4 сөйлем);

- түйінді сөздер ( 4-5 сөз) болуы тиіс.

 

Суреттердің көлемі мақаланың 1/4 көлемінен аспауы тиіс. Суреттер, иллюстрациялар, фотосуреттер TIFF немесе JPG кеңейтуімен бір файлда жіберіледі. Мәтінде әрбір суретке сілтемесі болуы тиіс, суреттерді нөмірлеу – өтпелі, суреттерге қойылған қолтаңба жеткілікті толық мәліметті болуы тиіс.

Материалдардың барлығы талаптарға сай мұқият орындалуы тиіс. Ресімдеу талаптарына сай келмейтін немесе ұйымдастыру комитеті берілген уақыттан (2016 жылғы 05 қазанға дейін) кеш жіберілген мақалалар конференция мақалалар жинағына қосылмайды және авторларға қайтарылмайды. Материалдар авторлық редакцияларда жарияланады.

Авторлардың назарына: Конференцияға келіп түскен мақалалардың бәрі міндетті түрде плагиатқа қарсы тексеріледі. Плагиатқа қарсы тексеру нәтижелері Академия сайтына ілінеді және автордың электронды поштасына жіберіледі.

Пікір берушінің тегі мақалада көрсетілуі тиіс. Пікір қол қойған және куәланған белгілі бір формамен ресімделеді (Қосымша 2).

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Достық көшесі, 11, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, конференц-залы, 1-қабат, 10:00.

Байланыс телефондары: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, тел. 8 (7172) 576353, Академияның сайты www.nao.kz.

 

Құрметті әріптестер!

Өтінімніңаталған тіркеу түрін қазақ және орыс тілдерінде толтыруларыңызды сұраймыз

 

 Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Ғылыми атағы

 

Ғылыми дәрежесі

 

Лауазымы

 

Ұйымы

 

Пошталықиндексі

 

Елі

 

Қала, ауыл

 

Көше, үй, пәтер

 

Қалааралық коды көрсетілген телефон

Ұялытелефон

 

Факс

 

E-mail (міндетті)

 

Баяндаманың аты

 

Панелдіксессия №

 

Қатысу формасы(міндетті):

 

1. Тікелей

 

2. Сырттай

 

Пікір беруші(міндетті)

Т.А.Ә.(толық)

Пікір берушінің тегі

 

Пікір берушінің аты

 

Пікір берушінің әкесінің аты

 

Пікір берушінің ғылыми атағы

 

Пікір берушінің ғылыми дәрежесі

 

Пікір берушінің лауазымы

 

Пікір берушінің жұмыс орны

 

Толтырылған күні:

 

«Өтінімде» қысқартулар мен аббревиатураларға жол берілмейді!

 

 

 

Қосымша 1

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

С. А. Құсаинов

Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ. Kusainov@mail.kz

Пікір беруші - Б. И. Ахметов, п.ғ.к., доцент, Л.Н. Гумилев атындағы

 Еуразия ұлттық университеті Астана қ.

Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [1]. ... Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [2]. ... Мақала мәтіні [3] ... Мақала мәтіні.

Қолданылған әдебиет

1 Абэ Осаму. Когда началось экологическое образование? // Тири. 1990. Т. 35, №12. -С.21-27.

2 Учение Вернадского о ноосфере. http://www.ecosystema.ru.

3 Концепции экологического образования Республики Казахстан, г. Астана. 2002 г., http:// ecoinfo.iacoos.kz/ lite/index. = com_content &task=852

 

Аңдатпа. Мақалада экологиялық бiлiм контекстiндегi негізгі құзырлар және оқушылардың экологиялық мәдениетi мен санасының қалыптасуы өзара байланыста қаралады. ...

Аннотация. В статье рассматривается взаимосвязь ключевых компетенций и формирования экологической культуры и сознания учащихся в контексте экологического образования. ...

Ключевые слова:  компетенция, экология, энергосберегающая экономика, обучение

Түйінді сөз:құзырет, экология, энергия үнемдеуші экономика, оқыту

 

Қосымша 2

Пікірге келесі мәліметтерді қосуы тиіс

1. Мақаланың толық атауы, автордың лауазымы, автордың ТАӘ

Мысал:

Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетінің жалпы педагогика кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Құсаинов Серікбай Асқарбекұлының «Оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру» мақаласына

ПІКІР

2. Мақалаға арналған мәселенің қысқаша сипаттамасы.

3. Мақаланың өзектілігі.

4. Автордың мақаласындағы маңызды аспектілері.

5. Жариялаудың ұсынымдары.

6. Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны, пікір берушінің ТАӘ (толық), күні, қолтаңба, мөр.

 

Қатысушылардың назарына!

Конференцияның Ұйымдастыру комитеті қатысушыларды қарсы алу және қонақ үйге орналастыру туралы сұрақтармен айналыспайды. 

тізімге қайтып келу