Профсоюзная жизнь

Чествование юбиляра
29.02.2016
Чествование юбиляра

29 февраля 2016 года в Национальной академии образования им. И.Алтынсарина  состоялось поздравление с 50-летним юбилеем кандидата педагогических наук Мукашевой Манаргуль Умурзаковны.

Президент Академии Жилбаев Ж.О. от имени коллектива поздравил юбиляра и вручил Поздравительный адрес.

Манаргуль Умурзаковна добилась успешных результатов в сфере информатизации образования. Так, после окончания Актюбинского педагогического университета долгие годы работала в системе среднего и высшего образования в г. Актобе.

В 1998 году успешно защитила  кандидатскую диссертацию на соискание ученой степени кандидата педагогических наук.

Мукашева М.У. является автором учебников и учебно-методических комплексов, учебных пособий и  методических рекомендаций, научных статей.

Коллектив Академии в такой знаменательный день пожелал юбиляру крепкого здоровья, долгих лет жизни, высоких побед!

 

Құрметті Манаргүл Өмірзаққызы!

 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұжымы Сізді 50 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды.

Сіз Ақтөбе педагогикалық институтын математика және физика мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап, өзіңіздің кәсіби өмір жолыңызды Ақтөбе қаласындағы облыстық мектеп-интернатта математика мұғалімі ретінде бастап, жас ұрпақты білім нәрімен сусындаттыңыз.

Ұзақ жылдар бойы әйгілі лингвист, түркітанушы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, декан орынбасары, ал 2004-2013 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті лауазымдарында еңбек етіп, еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына өз үлесіңізді қостыңыз.

1998 жылы 13.00.02 - Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияңызды сәтті қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болдыңыз.  

Қазіргі таңда 80 жылдық тарихы бар қара шаңырақ - Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми зерттеу орталығында аянбай еңбек етіп келесіз.

Сіз математика, информатика саласындағы білікті мамансыз. Сонымен қатар қазақстандық және шетелдік басылымдарда жарияланған 50-ден астам ғылыми еңбектің, ҚР БҒМ грифімен шығарылған 1 оқулықтың, сондай-ақ басқа да бірнеше оқулықтар  мен оқу-әдістемелік кешендердің авторысыз.

Құрметті Манаргүл Өмірзаққызы !

Әріптестеріңіз Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы жан ретінде жақсы біледі. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, тың ғылыми-техникалық жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілетіңіз тәнті етпей қоймайды, жастарға ұлағатты ұстаз, өнегесіз. 

Сіздің әйел-ана ретінде де мейірім-шапағатыңыздың зор екенін білеміз. Кішіге ілтипат, үлкенге ізеттік көрсете білетін қасиетіңіз кейінгі жас толқынға үлгі-өнеге бола білсін.

Бүгінгідей мерекелі мерейтой күні Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Мерейіңіз әрқашанда үстем болсын демекпіз.

 

Құрметпен,

Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясының

президенті                                                                          Ж. Жылбаев

вернуться к списку