Семинарлар, конференциялар

«Language is a life skill» практикалық семинары
9.02.2016
«Language is a life skill» практикалық семинары

2016 жылғы 12 ақпанда ағылшын тілі оқытушыларына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Macmillan Publishers» баспасының Қазақстандағы өкілдігімен бірге білім беру мазмұнын жаңарту аясында ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша  семинар өткізеді.

«Language is a life skill» практикалық семинары техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі ағылшын тілі пәнінің оқытушылары үшін әзірленді және педагогикалық тәжірибені жетілдіру мен олардың кәсіби өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер құруға жағдай жасайды.

Семинарға колледждердің оқу ісі бойынша директорларының орынбасарлары мен ағылшын тілі пәнінің оқытушылары шақырылады. Оқу семинарына қатысу тегін. Қатысушыларға сертификат пен үлестірмелік материалдар беріледі.

Семинар мына мекен-жайда өткізіледі:  Астана қ, Орынбор көшесі, 4, «Алтын Орда» бизнес-Орталығы, конференц зал, 1-ші қабат.

9.00 – 10.00 Семинарға қатысушыларды тіркеу 

9.00-10.00 Кітап көрмесі «Macmillan Publishers» баспасының дистрибьюторлары

Семинардың ашылуы

1.«Білім беру мазмұнын жаңарту оның сапасын арттыру жағдайы ретінде»

2.«2016-2020 жылдары үштілді білім беруді дамыту бойынша Жол картасын жүзеге асыру туралы» Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 

11.30 – 12.30 Жаңа технологиялармен танысу және баспаның ОӘК-нің тұсаукесері Баймолдаева Жаңыл Тұрсынбекқызы 

12.30 – 13.30 «Language is a life skill» «Macmillan Publishers» баспасының жетекші әдіскері 

13.30 – 14.00 Сұрақтар, жауаптар

Сертификат беру

Фотосессия

тізімге қайтып келу