Семинарлар, конференциялар

ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
2.02.2016
ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Қазан (Еділ бойы) Федералды университетімен біріге 2016 жылғы 26-27 мамырында «Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер» атты ІІІ-ші халықаралық конференциясын өткізеді.

Конференция мақсаты: білім берудегі инновация мәселелері бойынша зерттеушілер мен практиктердің диалогын өткізуге арналған халықаралық форум құру.

№ 1 дөңгелек үстел

Тақырыбы: Білім берудегі инновациялық шешімдер.

Өзекті алаң: Өмір бойғы білім және тұрақты даму контексінде білім беру деңгейлері арасындағы (мектепалды даярлықтан ЖОО-ға дейін) инновациялардың сабақтастығы. Білім беру жүйесінің жаңарту жағдайларында педагогтерді кәсіби даярлау мәселелері. Педагогтер мен білім саласындағы менеджерлердің инновациялық қызметінің мәселелері.

№ 2 дөңгелек үстел

Тақырыбы: Инклюзивті білім: мәселелері, перспективалары, шешімдері.

Өзекті алаң: Инклюзивті білімнің теориясы мен практикасы. Инклюзивті білімнің салыстырмалы аспектісі, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар мен жастарды оқу-тәрбие ортасына кіріктіру саласындағы үздік тәжірибе. Қазақстанда және Ресейде инклюзивтік білім беру өзектілендірудің әлеуметтік-педагогикалық факторлары.

№ 3 дөңгелек үстел

Тақырыбы: Қазіргі қоғамдағы үштілділік: шындығы және перспективалары.

Өзекті алаң: Үштілдібілім беру жүйесін кадрлық қамтамасыз ету. Үштілді білім беруді енгізудің экономикалық аспектілері. Үштілді білім беруді енгізудің құқықтық аспектілері. Үштілді білім беруді енгізу жағдайының мониторингі. Үштілді білім беруді енгізудің тілдік аспектілері. Үштілді білім беру жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету.

№ 4 дөңгелек үстел

Тақырыбы: Дәстүр мен инновация интеграциясы

Өзекті алаң: Этнопедагогикалық тұжырымдамалар. Классикалық білім беру. Білім берудің ұлттық ерекшеліктері. Қазіргі қоғамдағы жаһандану және коммуникативті табиғат. Дәстүр мен инновацияның өзара әрекеттестік механизмдері.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар, Астана, Алматы қалалары мен облыстық білім басқармаларының өкілдері, шетелдік білім беру ұйымдарының өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар, білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар, барлық деңгейдегі білім ұйымдарының жетекшілері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, ЖОО профессорлары мен оқытушылары, колледж оқытушылары, барлық типтегі мектеп мұғалімдері және әдістемелік бірлестік жетекшілері, қоғамдық ұйымдар өкілдері шақырылады.

Конференцияның регламенті

25 мамыр 2016 ж.

Конференцияға қатысушылардың келуі

26 мамыр 2016 ж.

Дөңгелек үстелдер.

27 мамыр 2016 ж.

Пленарлық мәжіліс.

 

Қарар қабылдау. Сертификаттарды табыстау

 

Конференцияға қатысушылардың кейін қайтуы

 

Құрметті әріптестер!

Конференцияға қатысу үшін 2016 жылғы 01 мамырға дейін www.nao.kz сайтына тіркеліп, (сілтеме http://nao.kz/naoconference/registration/1) қатысу үшін өтінімді (тек берілген нұсқа түрінде) жіберу қажет.

Материалды бекіту үшін Сіз логин, пароль және сілтемелерді өтінімді қабылдағаннан кейін аласыз.

Материал бір файлмен (архивтелген түрде) бекітіледі:

- мақала мәтіні А4 форматты 5 беттен аспауға тиіс (пікірсіз және өтінімсіз мақала қабылданбайды);

- қол қойылған және куәланған пікірдің сканерленген көшірмесі (ұсынылған форма бойынша).

Мақала жариялауға қабылданғаннан кейін, сіздің электронды поштаңызға Академия реквизиттерімен ұйымдастыру жарнасы үшін хабарлама келеді, Сіз белсенді сілтеме бойынша ұйымдастыру жарнасы төленгені туралы квитанцияның сканерленген көшірмесін бекітіңіз.

Қатысу формасы:

1. Тікелей – пленарлық мәжілісте, дөңгелек үстелде баяндама оқу, материал жинағында мақалалар жариялау (қатысушы №1 пакетті алады – сертификат, бағдарлама, үлестірілетін материалдар, электронды түрде PDF форматында конференцияның материалдар жинағы) – ұйымдастыру жарнасы 5000,00 теңге (немесе шетелдік валютада – 20$).

2.Сырттай – конференция жинағында мақалаларды жариялау (қатысушы №2 пакетті алады – сертификат, бағдарлама, конференцияның материалдар жинағы электронды түрде PDF форматында) – ұйымдастыру жарнасы 3000,00 теңге (немесе шетелдік валютада– 10$).

Назар аударыңыз!

www.nao.kz сайтына тіркелгеннен кейін алынған логин мен парольді Конференцияның сертификаты мен құжаттарын алғанша сақтау керек.

Мақала мәтіні және сканерленген пікір көшірмесі бір файлмен (архивтелген түрде) бекітіледі.

Файлдардың атаулары автордың(лардың) тегі бойынша жазылады (мысалы: Кусаинов СА Мақала.doc; Кусаинов СА Пікір.doc; Кусаинов СА Квитанция.docнемесе Ахметов БТ + Бериков АК + Серикбаев АК Мақала және т.б.).

Сайтқа тіркелу 2016 жылдың 01 мамырында, материалдарды қабылдау 2016 жылдың 10 мамырында аяқталады.

Өтінім берген және қосымша пікір беруден өткен барлық қатысушыларға ұйымдастыру жарнасын төлеу үшін Академияның реквизиттері және конференция бағдарламасы электронды түрде жіберіледі.

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Материалдар электронды түрде жіберіледі: мәтін редакторы MS WORD; А4 форматы, негізгі шрифт Times New Roman; кегль – 14, жоларалық интервал – 1; стиль – қалыпты; мәтінді ені бойынша түзету; азат жолы – 1,0 см; барлық жиектері – 2 см. Беттер нөмірленбейді.

Жоғарғы жағының ортасынан – тасымалсыз жазба әріптерімен, жартылай қалың, баяндама тақырыбы; одан әрі бір жолдан кейін ортасына қарай – автордың аты-жөні (бір баяндамада үш автордан көп болмауы тиіс), одан әрі бір жолдан кейін ұйымы, қаласы, автордыңе-mail, ғылыми жетекшінің аты және теги, қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (студенттер, магистранттар, докторанттар үшін көрсету міндетті), пікір берушінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйымы, қаласы (пікірдің сканерленген көшірмесі мақаламен бірге жіберілу керек); одан әрі бір жолдан кейін – мақала мәтіні. Әдебиет сілтемелері тік жақшамен алынады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің болуы міндетті. Тасымалдау қойылмайды (Қосымша 1).

Мақала соңында аңдатпа қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылуы тиіс (3-4 сөйлем).

Суреттердің көлемі мақаланың 1/4 көлемінен аспауы тиіс. Суреттер, иллюстрациялар, фотосуреттер TIFF немесе JPG кеңейтуімен бір файлда жіберіледі. Мәтінде әрбір суретке сілтемесі болуы тиіс, суреттерді нөмірлеу – өтпелі, суреттерге қойылған қолтаңба жеткілікті толық мәліметті болуы тиіс.

Материалдардың барлығы талаптарға сай мұқият орындалуы тиіс. Ресімдеу талаптарына сай келмейтін немесе ұйымдастыру комитеті берілген уақыттан (2016 жылғы 10 мамырға дейін) кеш жіберілген мақалалар конференция мақалалар жинағына қосылмайды және авторларға қайтарылмайды. Материалдар авторлық редакцияларда жарияланады.

Авторлардың назарына:Конференцияға келіп түскен мақалалардың бәрі міндетті түрде плагиатқа қарсы тексеріледі. Плагиатқа қарсы тексеру нәтижелері Академия сайтына ілінеді және автордың электронды поштасына жіберіледі.

Пікір берушінің тегі мақалада көрсетілуі тиіс. Пікір қол қойған және куәланған белгілі бір формамен ресімделеді (Қосымша 2).

Өткізілетін орны:Астана қаласы, Орынбор көшесі, 4, «Алтын Орда» бизнес-орталығы, конференц-залы, 26-27 мамырда 2016 жыл.

Байланыс телефондары:Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,

тел. 8 (7172) 576648, Академияның сайты www.nao.kz.

Құрметті әріптестер!

Академия сайтыңдағы (http://nao.kz/naoconference/registration/1) сілтеме бойынша өтінімнің аталған тіркеу түрін міндетті түрде үш тілдің біреуінде толтырыңыздар (Өтінімде Т.А.Ә. қай тілде жазылса, сертификат сол тілде толтырылады).

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Ғылыми атағы

 

Ғылыми дәрежесі

 

Лауазымы

 

Ұйымы

 

Пошталық индексі

 

Ел

 

Қала, ауыл

 

Көше, үй, пәтер

 

Қалааралық коды көрсетілген телефон

Ұялы телефон

 

Факс

 

E-mail (міндетті)

 

Баяндаманың аты

 

Дөңгелек үстел №

 

Қатысу формасы (міндетті)

 

1. Тікелей

 

2. Сырттай

 

Пікір беруші (міндетті)

Т.А.Ә. (толық)

 

Пікір берушінің тегі

 

Пікір берушінің аты

 

Пікір берушінің әкесінің аты

 

Пікір берушінің ғылыми атағы

 

Пікір берушінің ғылыми дәрежесі

 

Пікір берушінің лауазымы

 

Пікір берушінің жұмыс орны

 

Толтырылған күні:

 

«Өтінімде» қысқартулар мен аббревиатураларға жол берілмейді!

Қосымша 1

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

ОҚУШЫЛАРДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

С. А. Құсаинов

Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ. Kusainov@mail.kz

Пікір беруші -Б. И. Ахметов, п.ғ.к., доцент, Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті Астана қ.

Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [1]. ... Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [2]. ... Мақала мәтіні [3] ... Мақала мәтіні.

Қолданылған әдебиет

1 Абэ Осаму. Когда началось экологическое образование? // Тири. 1990. Т. 35, №12. -С.21-27.

2 Учение Вернадского о ноосфере. http://www.ecosystema.ru.

3 Концепции экологического образования Республики Казахстан, г. Астана. 2002 г., http://ecoinfo.iacoos.kz/lite/index.php?option=com_content&task=view&id=852.

 

Аңдатпа. Мақалада экологиялық бiлiм контекстiндегi негізгі құзырлар және оқушылардың экологиялық мәдениетi мен санасының қалыптасуы өзара байланыста қаралады. ...

Аннотация. В статье рассматривается взаимосвязь ключевых компетенций и формирования экологической культуры и сознания учащихся в контексте экологического образования. ...

Abstract. In the article intercommunication of key competences and forming of ecological culture and consciousness is examined students in the context of ecological education. ...

Қосымша 2

Пікірге келесі мәліметтерді қосуы тиіс

1. Мақаланың толық атауы, автордың лауазымы, автордың АТӘ

Мысал:

Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетінің жалпы педагогика кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Құсаинов Серикбай Аскарбекұлының «Оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру» мақаласына

ПІКІР

2. Мақалаға арналған мәселенің қысқаша сипаттамасы.

3. Мақаланың өзекті дәрежесі.

4. Автордың мақаласында маңызды аспектілері.

5. Жариялаудың ұсынымдары.

6. Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны, пікір берушінің АТӘ (толық), күні, қолтаңба, мөр.

 

Қатысушылардың назарына!

Конференцияның Ұйымдастыру комитеті қатысушыларды қарсы алу және қонақ үйге орналастыру туралы сұрақтармен айналыспайды. Қонақ үйде орын брондау конференция қатысушылардың өз мойнында. 

тізімге қайтып келу