Семинарлар, конференциялар

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік кабинеттердің рөлі» республикалық әдістемелік семинары
23.01.2016
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік кабинеттердің рөлі» республикалық әдістемелік семинары

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2016 жылғы 28 қаңтарда «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік кабинеттердің рөлі» республикалық әдістемелік семинарын өткізетінін хабарлайды.

Семинарға облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының әдістемелік кабинеттерінің басшылары мен әдіскерлері қатысады.

Республикалық әдістемелік семинар аясында Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасын іске асыруға өңірлердің қатысуы, әдістемелік бірлестік/қызметтер өз жұмыстарында оқушылардың сыртқы бағалау нәтижелерін пайдалану, оқыту қазақ тілді емес мектептердің 1-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің апробациясы, орта білім берудің  жаңартылған мазмұндағы МЖМС ерекшеліктері, ШЖМ оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының әдістемелік кабинеттерін дамыту болашағы туралы мәселелер талқыланатын болады.

Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданады.

Семинар материалдары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім – Образование», «12 жылдық білім беру – 12-летнее образование» және «Қазақстан Кәсіпкері – Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік журналдарында жарияланады.

Семинар өткізілетін орын: Астана қ., Орынбор к-сі, 4, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 7- қабат, конференц - зал.

Басталуы: сағ.09:00.

тізімге қайтып келу