Семинарлар, конференциялар

«Өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру» тақырыбында республикалық семинар
29.10.2015
«Өскелең  ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру» тақырыбында республикалық семинар

2015 жылғы 30-қазанда  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен  Қазақ  хандығының 550 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына  арналған «Өскелең  ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру» тақырыбында Республикалық семинар өткізіледі.

Семинардың мақсаты:Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдық контексінде өскелең ұрпақтың санасында тарихи құндылықтарды қалыптастыру жолдарын анықтау.

Семинарға қатысуға жетекші ғалым-зерттеушілер, оқу бағдарламаларының авторлары, әдіскерлер,  мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, жалпы білім беретін мектептердің тарих пәнінің мұғалімдері, колледж және ЖОО қоғамдық пәндер оқытушылары шақырылады.

Семинар шеңберінде  гуманитарлық білім беру контексінде тарихи білім беруді жаңғырту сұрақтары, білім алушыларда ұлттық сананы қалыптастыру жолдары талқыланады.

Семинар материалдары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми-әдістемелік  «Білім – Образование», «12 жылдық білім беру – 12-летнее образование»  және  «Қазақстан Кәсіпкері – Профессионал Казахстана» журналдарына жарияланады. 

Семинар мына мекенжай бойынша өтеді: Астана қ.,  Орынбор к-сі, 4,  «Алтын Орда» бизнес орталығы, 1 қабат, конференц - зал.  Басталуы 10.00

тізімге қайтып келу