Семинарлар, конференциялар

Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер
17.09.2015
Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ресей Федерациясының Білім және Ғылым министрлігі Орал мемлекеттік педагогикалық университетімен біріге 2015 жылғы 20 қарашасында «Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер» атты ІІ-ші халықаралық конференциясын өткізеді.

Конференция мақсаты:білім берудегі инновация мәселелері бойынша зерттеушілер мен практиктердің диалогын өткізуге арналған халықаралық форум құру.

№1 дөңгелек үстел

Тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістер.

Өзекті алаң: Өмір бойғы білім және тұрақты даму контексінде білім беру деңгейлері арасындағы (мектепалды даярлықтан ЖОО-ға дейін) инновациялардың сабақтастығы. Білім беру жүйесінің жаңарту жағдайларында педагогтерді кәсіби даярлау мәселелері. Педагогтер мен білім саласындағы менеджерлердің инновациялық қызметінің мәселелері.

№2 дөңгелек үстел

Тақырыбы: Инклюзивті білім: перспективалары және мәселелері.

Өзекті алаң: Инклюзивті білімнің теориясы мен практикасы. Инклюзивті білімнің салыстырмалы аспектісі, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар мен жастарды оқу-тәрбие ортасына кіріктіру саласындағы үздік тәжірибе. Қазақстанда және Ресейде инклюзивтік білім беру өзектілендірудің әлеуметтік-педагогикалық факторлары.

№3 дөңгелек үстел

Тақырыбы: Білім берудің құрылымдық реформалары жағдайындағы педагогикалық өлшемдер.

Өзекті алаң: Педагогикалық мониторинг білім беру үдерісін басқару әдісі мен құралы ретінде. Білім беру сапасын қамтамасыз етудің стандарттары мен тәртіптері. Инновациялық үдерістерді және инновация нәтижелерін бағалау. Орта, кәсіби-техникалық және жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі оқыту нәтижелерін бағалау жүйесі: шетелдік және қазақстандық үздік тәжірибелер. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім алушылардың оқыту жетістігін бағалау: әдіснама, құралдар және тәртіптер.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін: Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрліктері, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар, Астана, Алматы қалалары мен облыстық білім басқармаларының өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар, білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар, барлық деңгейдегі білім ұйымдарының жетекшілері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, ЖОО профессорлары мен оқытушылары, колледж оқытушылары, барлық типтегі мектеп мұғалімдері және әдістемелік бірлестік жетекшілері, қоғамдық ұйымдар өкілдері шақырылады.

Конференцияның регламенті

19 қараша 2015 ж.

Конференцияға қатысушылардың келуі

20 қараша 2015 ж. (түске дейін)

Дөңгелек үстелдер.

20 қараша 2015 ж. (түстен кейін)

Пленарлық мәжіліс. Қарар қабылдау. Сертификаттарды табыстау

20-21 қараша 2015 ж.

Конференцияға қатысушылардың кейін қайтуы

Құрметті әріптестер!

Конференцияға қатысу үшін 2015 жылғы 01 қарашаға дейін www.nao.kzсайтына тіркеліп, (сілтеме http://nao.kz/naoconference/registration/1) қатысу үшін өтінімді (тек берілген нұсқа түрінде) жіберу қажет.

Материалды бекіту үшін Сіз логин, пароль және сілтемелерді өтінімді қабылдағаннан кейін аласыз.

Материал бір файлмен (архивтелген түрде) бекітіледі:

- мақала мәтіні А4 форматты 5 беттен аспауға тиіс (пікірсіз және өтінімсіз мақала қабылданбайды);

- қол қойылған және куәланған пікірдің сканерленген көшірмесі (ұсынылған форма бойынша).

Мақала қабылданғаннан кейін Сіз белсенді сілтеме бойынша ұйымдастыру жарнасы  төленгені туралы квитанцияның сканерленген көшірмесін бекітіңіз. 

Қатысу формасы:

1. Тікелей – пленарлық мәжілісте, дөңгелек үстелде баяндама оқу, материал жинағында мақалалар жариялау (қатысушы №1 пакетті алады – сертификат, бағдарлама, үлестірілетін материалдар, электронды түрде PDF форматында конференцияның материалдар жинағы) – ұйымдастыру жарнасы 3000,00 теңге (немесе теңге курсы бойынша шетелдік валютада).

2.Сырттай – конференция жинағында мақалаларды жариялау (қатысушы №2 пакетті алады – сертификат, бағдарлама, электронды түрде PDF форматында конференцияның материалдар жинағы) – ұйымдастыру жарнасы 1500,00 теңге (немесе теңге курсы бойынша шетелдік валютада).

Назар аударыңыз !

www.nao.kz сайтына тіркелгеннен кейін алынған логин мен парольді Конференцияның сертификаты мен құжаттарын алғанша сақтау керек.

Мақала мәтіні және сканерленген пікір көшірмесі бір файлмен (архивтелген түрде)  бекітіледі.

Файлдардың атаулары автордың(лардың) тегі бойынша жазылады (мысалы: Кусаинов СА Мақала.doc; Кусаинов СА Пікір.doc; Кусаинов СА Квитанция.doc немесе Ахметов БТ + Бериков АК + Серикбаев АК Мақала және т.б.).

Сайтқа тіркелу 2015 жылдың 01 қарашасында, материалдарды қабылдау 2015 жылдың 07 қарашасында аяқталады.

Өтінім берген және қосымша пікір беруден өткен барлық қатысушыларға ұйымдастыру жарнасын төлеу үшін Академияның реквизиттері және конференция бағдарламасы электронды түрде жіберіледі.

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Материалдар электронды түрде жіберіледі: мәтін редакторы MS WORD; А4 форматы, негізгі шрифт Times New Roman; кегль – 14, жоларалық интервал – 1; мәтінді ені бойынша түзету; азат жолы – 1,0 см; барлық жиектері – 2 см. Беттер нөмірленбейді.

Жоғарғы жағының ортасынан – тасымалсыз жазба әріптерімен, жартылай қалың, баяндама тақырыбы; одан әрі бір жолдан кейін ортасына қарай – автордың аты-жөні (бір баяндамада үш автордан көп болмауы тиіс), одан әрі бір жолдан кейін ұйымы, қаласы, автордыңе-mail, ғылыми жетекшінің аты-жөні (бар болса), пікір берушінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйымы, қаласы (пікірдің сканерленген көшірмесі мақаламен бірге жіберілу керек); одан әрі бір жолдан кейін – мақала мәтіні. Әдебиет сілтемелері тік жақшамен алынады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің болуы міндетті. Тасымалдау қойылмайды (Қосымша 1).

Мақала соңында аңдатпа қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылуы тиіс (3-4 сөйлем).

Суреттердің көлемі мақаланың 1/4 көлемінен аспауы тиіс. Суреттер, иллюстрациялар, фотосуреттер TIFF (*.TIF) немесе JPG кеңейтуімен бір файлда жіберіледі. Мәтінде әрбір суретке сілтемесі болуы тиіс, суреттерді нөмірлеу – өтпелі, суреттерге қойылған қолтаңба жеткілікті толық мәліметті болуы тиіс.

Материалдардың барлығы талаптарға сай мұқият орындалуы тиіс. Ресімдеу талаптарына сай келмейтін немесе ұйымдастыру комитетіне берілген уақыттан (07 қараша 2015 жылға дейін) кеш жіберілген мақалалар конференция мақалалар жинағына қосылмайды және авторларға қайтарылмайды. Материалдар авторлық редакцияларда жарияланады.

Пікір берушінің тегі мақалада көрсетілуі тиіс. Пікір қол қойған және куәланған белгілі бір формамен ресімделеді (Қосымша 2).

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 4, «Алтын Орда» бизнес-орталығы, конференц-залы, 20 қараша 2015 жыл.

Байланыс телефондары: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,

тел. +7 (7172) 577203, +7 (7172) 578031, Академияның сайты www.nao.kz.

Құрметті әріптестер!

Аталған тіркелу нысаны өтінімді міндетті түрде үш тілдің біреуінде толтырыңыздар (Т.А.Ә. сертификатта өтінімді қай тілде жазсаңыздар, сол тілде толтырылады).

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Ғылыми атағы

 

Ғылыми дәрежесі

 

Лауазымы

 

Ұйымы

 

Пошталық индексі

 

Ел

 

Қала, ауыл

 

Көше, үй

 

Қалааралық коды көрсетілген телефон

Ұялы телефон

 

Факс

 

E-mail (міндетті)

 

Баяндаманың аты

 

Дөңгелек үстел №

 

Қатысу формасы (міндетті)

 

1. Тікелей

 

2. Сырттай

 

Пікір беруші (міндетті)

Т.А.Ә. (толық)

 

Пікір берушінің тегі

 

Пікір берушінің аты

 

Пікір берушінің әкесінің аты

 

Пікір берушінің ғылыми атағы

 

Пікір берушінің ғылыми дәрежесі 

 

Пікір берушінің лауазымы

 

Пікір берушінің жұмыс орны

 

Толтырылған күні:

 

«Өтінімде» қысқартулар мен аббревиатураларға жол берілмейді!

Қосымша 1

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

ОҚУШЫЛАРДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚҰРАСТЫРУ

С. А. Кусаинов

Е.А. Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ. Kusainov@mail.kz

Пікір беруші -Б. И. Ахметов, п.ғ.к., доцент, Л.Н. Гумилев ат. Еуразиялық университеті Астана қ.

Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [1]. ... Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [2]. ... Мақала мәтіні [3] ... Мақала мәтіні.

Қолданылған әдебиет

1 Абэ Осаму. Когда началось экологическое образование? // Тири. 1990. Т. 35, №12. -С.21-27.

2 Учение Вернадского о ноосфере. http://www.ecosystema.ru.

3 Концепции экологического образования Республики Казахстан, г. Астана. 2002 г., http://ecoinfo.iacoos.kz/lite/index.php?option=com_content&task=view&id=852.

Аңдатпа. Мақалада негізгі құзырлар және экологиялық бiлiмнiң контекстiндегi оқушылардың экологиялық мәдениеттiң және санасының құрастыруы өзара байланысында қаралады. ...

Аннотация. В статье рассматривается взаимосвязь ключевых компетенций и формирования экологической культуры и сознания учащихся в контексте экологического образования. ...

Abstract. In the article intercommunication of key competenses and forming of ecological culture and consciousness is examined students in the context of ecological education. ...

Қосымша 2

Пікірге келесі мәліметтерді қосуы тиіс

1. Мақаланың толық атауы, автордың лауазымы, автордың АТӘ

Мысал:

ПІКІР

«Оқушыларда экологиялық мәдениетті құрастыру» мақаласының, Е.А. Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының кандидаты жалпы педагогика кафедрасының доценті Құсаинов Серикбай Аскарбекұлына

2. Мақалаға арналған мәселенің қысқаша сипаттамасы.

3. Мақаланың өзекті дәрежесі.

4. Автордың мақаласында маңызды аспектілері.

5. Жариялаудың ұсынымдары.

6. Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны, пікір берушінің АТӘ (толық), қолтаңба, мөр.

Қатысушылардың назарына!

Конференцияның Ұйымдастыру комитеті қатысушыларды қарсы алу және қонақ үйге орналастыру туралы сұрақтармен айналыспайды. Қонақ үйде орын брондау конференция қатысушылардың өз мойнында.

Брондау үшін телефондар : +7 (7172) 62 85 69, +7 (775) 938 11 55, +7 (777) 999 19 67 және т.б.

Сайттар:

 http://www.booking.com/city/kz/astana

http://www.hotel.info/

http://www.astanahotels.kz/ т.б.

тізімге қайтып келу