Семинарлар, конференциялар

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған «Білім алушыларды толеранттыққа тәрбиелеу: ахуалы және болашағы» тақырыбындағы дөңгелек үстел
26.05.2015
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған «Білім алушыларды толеранттыққа тәрбиелеу: ахуалы және болашағы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің 2015 жылдың айтулы шаралары бойынша жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 29 мамырында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған «Білім алушыларды толеранттыққа тәрбиелеу: ахуалы және болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді

Талқыланатын негізгі мәселелер:

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін жүзеге асырудағы рөлі

2. Оқушылардың этникалық толеранттығын қалыптастырудағы білім беру ұйымдары жұмысының инновациялық тәжірибесі

3. Көпэтносты және көпконфессиялы жастар ортасында толерантты қатынастарға қол жеткізу жолдары

4. Этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы жағымсыз көріністерді болдырмаудың педагогикалық шарттары

5. Тұлғаны мәдениетаралық қатынастар субъектісі ретінде тәрбиелеу

Мәселелер аясы: Білім алушыларды толеранттыққа Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның XVI съезіндегі «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институционалдық реформа» (Астана қ., 11 наурыз 2015 жыл) сөйлеген сөзі контексінде тәрбиелеу. Балалар мен жастарды төл мәдениеті мен басқа халықтардың мәдениетін құрметтеу арқылы жаһанданушы әлемнің құндылықтарына тарту. Өскелең ұрпақты толеранттық рухында тәрбиелеудің тиімді тетіктерін іздеу.

Дөңгелек үстел жұмысына білім беру жүйесін ұйымдастырушыларды, білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларын, сынып жетекшілері мен топ кураторларын, педагог, философ, психолог, әлеуметтанушы, дінтанушы ғалымдарды және т.б. шақырамыз.

Дөңгелек үстел Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА базасында өтеді: Астана қ., Орынбор көшесі, 4, «Алтын Орда» бизнес-орталығы, конференц-зал,

1-қабат.

Қатысушыларды тіркеу: 9:30 сағ.

Жұмыстың басталуы: 10:00 сағ.

Анықтама үшін: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, тел. 8 (7172) 577203, 8 (7172) 578031; Академия сайты: www.nao.kz

тізімге қайтып келу