Семинарлар, конференциялар

«Қазақстанның тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы мұраты» атты семинар-кеңесі өткізіледі
5.02.2015
«Қазақстанның тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы мұраты» атты семинар-кеңесі өткізіледі

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес 20 – 21 ақпан 2015 жылы жетекші ғалымдар, әдіскер-ұстаздар, мұғалімдерге арналған «Қазақстанның тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы» атты Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың туындыларын оқытудың республикалық семинар-кеңесі өткізіледі. 

Семинар мақсаты: «Қазақстан тарихы» пәнінің оқу бағдарламасы, оқулық, оқу-әдістемелік материалдары мазмұнын жетілдіру мәселелерін талқылау, Қазақстан Мемлекет басшысының туындыларын оқыту шеңберінде білім беру ұйымдарының тәрбие жұмыстарына әдістемелік қолдау.

Семинар-кеңестің жұмыс бағыттары:

1.  Қазақстан тарихы пәніне арналған оқулықтар және оқу бағдарламаларының мазмұнына Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы», «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» арналған материалдар өзектілігі.

2.  Мемлекет басшысының туындыларын оқыту шеңберінде білім беру ұйымдарының тәрбие жұмыстарына әдістемелік қолдау.

3.  Мемлекет басшысының туындыларын оқыту контекстінде ұлттық сана сезімдерін қалыптастыру жолдары.

Республикалық семинар-кеңестің жұмысына жетекші зерттеуші-ғалымдар, оқу бағдарламалары мен оқулықтарының авторлары, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының білім басқармаларының және «Өрлеу»  ұлттық біліктілікті арттыру орталығының  басшылары, әдіскер-ұстаздар, жалпы орта білім беретін ұйымдарының тарих пәнінің мұғалімдері т.б. шақырылады. 

Семинардың жұмыс тілі: қазақ және орыс тілдері

Өткізілетін орны: Алматы қ.,  ҚазМемҚызПУ, Әйтеке би көш., 114, 3-қабат, мәжіліс залы

Семинар материалдары Академияның «Білім – Образование», және «Қазақстан Кәсіпкері – Профессионал Казахстана»  ғылыми-әдістемелік журналдарында жарияланатын болады.

Қатысу туралы өтініш: 2015 жылдың 12 ақпанынан кешіктірілмей жолдануы тиіс

Байланыстар: 

1.  Астана қ., Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА. 8 (717 2) 576 650, 87023146585,  anisa_73@mail.ru ,  8701 758 83 85, nao.ogo_2015@mail.ru

2.  Астана қ., «Оқулық» РҒПО. Тел.:  Тел.: (7172) 277056, 87011706716, 87013779129, rmkk_okulik@mail.ru .

Семинар жайлы толық ақпаратты www.nao.kz  сайтынан алуға болады.

тізімге қайтып келу