Жаңалықтар

Білім мазмұнын жаңарту жоспарын талқылау жұмысы өтті
31.01.2015
Білім мазмұнын жаңарту жоспарын талқылау жұмысы өтті
2015 жылғы 29 қаңтарда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ базасында ынтымақтастық бойынша Меморандум аясында орта білім мазмұнын жаңарту жоспарын талқылау жұмысы өтті. Мәжіліс жұмысына Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ж.О. Жылбаев, «НЗМ» ДББҰ төрайымы К.Н. Шамшидинова қатысты.
 
Мәжілісте білім беруде сандық ресурстарды пайдалану бойынша көшбасшы болып отырған “Knowledge Partners” компаниясының Encyclopedia Britannica білім платформасының таныстырылымы көрсетілді.
 
Мәжіліс қатысушылары өз ойларын ортаға салды. 
 
тізімге қайтып келу