ЦЕНТР РАЗВИТИЯ МАЛОКОМПЛЕКТНЫХ ШКОЛ

Новости

«Шағын жинақты мектеп білім мазмұнын жаңарту жағдайында» тақырыбында өткен семинар-кеңес
23.12.2016
«Шағын жинақты мектеп білім мазмұнын жаңарту жағдайында» тақырыбында өткен семинар-кеңес

22 желтоқсан 2016 жыл                                                                Астана қ.

2016 жылдың 22 желтоқсанында  Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА

«Шағын жинақты мектеп білім мазмұнын жаңарту жағдайында» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.  

Семинар жұмысына облыстық білім басқармаларының, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің өкілдері,  ПШО,  «Назарбаев Интеллектуалдық мектебі» ААҚ, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдары, «Ақпараттық-аналитикалық орталығы» АҚ,  «Bilim media group»  ЖШС , әдіскерлер, мектеп директорлары,  мектеп директорының орынбасарлары, шағын жинақты мектептер мен ресурстық орталықтардың мұғалімдері, жоғарғы оқу орнының мұғалімдері қатысты.

Семинар-кеңес жұмысының барысында еліміздегі білім беру мазмұнын жаңартуды енгізу кезеңінде шағын жинақты мектептердің ерекшелігіне байланысты білім беруді ұйымдастыру мен сапасын арттыру жайы сөз болды. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарындағы оқу процесін ұйымдастыру мәселесін шешуге басты назар аударылды.

Күннің екінші жартысында Академияда  білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында білім беру процесін ұйымдастыру мәселесін талқылау болып өтті.

Республикадағы шағын жинақты мектептерде 7000-нан астам біріктірілген сыныптардың болуына байланысты, бұл 2-ші, 5-ші және 7-ші сыныптардың жаңа бағдарламамен оқуға көшу кезеңінің алдындағы маңызды қадам.  

вернуться к списку