ЦЕНТР РАЗВИТИЯ МАЛОКОМПЛЕКТНЫХ ШКОЛ

Жаңалықтар

«Бірге оқимыз: жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында мұғалімдерді әдістемелік қолдау»
6.09.2017
«Бірге оқимыз: жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында мұғалімдерді әдістемелік қолдау»

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА  қызметкерлері 2017 жылдың 15 тамызында Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында білім беру қызметкерлерінің өңірлік тамыз кеңесі аясында «Бірге оқимыз: жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында мұғалімдерді әдістемелік қолдау» тақырыбында өткізілген бастауыш мектеп мұғалімдерінің секция жұмысына қатысты. 

      Секция жұмысында, білім мазмұнын қалыптастырудағы жаңа көзқарас, оқытудың мақсаттары, күтілетін нәтижелеріне қойылатын талаптар, сонымен бірге, жаңа форматты қазіргі заманғы сабақта оқу процесін ұйымдастырудың ең маңызды мәселелері, инновациялық технологияларды қолдану жайы талқыланды.

      Пилоттық мектеп мұғалімдері, ПШО жаттықтырушыларымен шебер-сынып, тренингтер, практикалық сабақтар ұйымдастырылды.

      Академия қызметкерлері 2017-2018 оқу жылында оқу процесінің ұйымдастырылуына қатысты мәселелер бойынша талқылауға қатысып, педагогтардың сұрақтарына жауап берді. 

тізімге қайтып келу