INSTITUTE OF SECONDARY EDUCATION

Новости

Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) «Физика» оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу жұмыс тобының отырысы туралы
12.02.2018
Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) «Физика» оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу жұмыс тобының отырысы  туралы

Орта білім институты жаратылыстану математикалық білім зертханасының ұйымдастыруымен  2018 жылғы 12 ақпанда «Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) «Физика» оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу» бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Жұмыс тобының отырысына Астана қаласының әдістемелік кабинетінің жаратылыстану саласы бойынша әдіскері Нуртаева Канымай Узбекбаевна және Астана қаласының «Физика» пәні бойынша білікті мамандары шақырылды.

Күн тәртібінде білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) «Физика» оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеудің мазмұны қаралды.

Қатысушылар назарына Орта білім институты жаратылыстану математикалық білім зертханасының меңгерушісі Ш.М.Шуиншина «Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) «Физика» оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар» әзірлеудің мақсат және міндеттерімен таныстырды.

Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша бірнеше ұсыныстар мен ұсынымдар берілді.

тізімге қайтып келу