INSTITUTE OF SECONDARY EDUCATION

Новости

Үлгілік оқу жоспарларының жобасын талқылау бойынша мектеп директорларының оқу ісі бойынша орынбасарларының отырысы туралы
12.02.2018
Үлгілік оқу жоспарларының жобасын талқылау бойынша мектеп директорларының оқу ісі бойынша орынбасарларының отырысы туралы

Орта білім институтының ұйымдастыруымен  2018 жылғы 12 ақпанда   Үлгілік оқу жоспарларының жобасын талқылау бойынша мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен   жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Жұмыс тобының отырысына Астана қаласының Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің  әдіскерлері, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі  орынбасарлары шақырылды.

Күн тәртібінде үлгілік оқу жоспарларының жобасын талқылау мәселесі қаралып, қатысушылар назарына Вице-президент М.Е.Мукатова мен аға ғылыми қызметкер З.Ә. Жұмағұлова  үлгілік оқу жоспарларының жобасын ұсынды.

Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша бірнеше ұсыныстар берілді.

тізімге қайтып келу