INSTITUTE OF SECONDARY EDUCATION

Новости

Кешкі мектептер бойынша жұмыс тобының отырысы туралы
30.01.2018
Кешкі мектептер бойынша жұмыс тобының отырысы  туралы

Орта білім институтының ұйымдастыруымен  2018 жылғы 29 қаңтарда Жаңартылған білім мазмұны жағдайында кешкі мектептерге арналған үлгілік оқу жоспарларының жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Жұмыс тобының отырысына Астана, Атбасар, Степногор қалалары, Ақмола облысы Шортанды, Бұланды аудандары және Қарағанды қаласының кешкі (ауысымды) мектептерінің директорлары мен оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары шақырылды.

Күн тәртібінде Жаңартылған білім мазмұны жағдайында кешкі мектептерге арналған үлгілік оқу жоспарларының жобасы қаралды.

Қатысушылар назарына Орта білім институтының директоры Қ.А. Рахымжанов кешкі мектептерге арналған үлгілік оқу жоспарларының жобаларымен таныстырды.

Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша кешкі мектептің қызметкерлері тарапынан келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, үлгілік оқу жоспарларының жобаларын пысықтау туралы шешім қабылданды. 

тізімге қайтып келу