On-line опрос педагогов

welcome
Teachers open the door, but you must enter by yourself  
Chinese Proverb

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының

ресми сайтына қош келдіңіздер!

15-я (ЮБИЛЕЙНАЯ) МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ
«ОБРАЗОВАНИЕ ЧЕРЕЗ ВСЮ ЖИЗНЬ: НЕПРЕРЫВНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ В ИНТЕРЕСАХ УСТОЙЧИВОГО РАЗВИТИЯ»
2-4 июня 2017 Казахстан, г. Астана

admin Жанбол Жилбаев

Құрметті сайт қонақтары!

Сіздерді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында көргеніме аса қуаныштымын.Біздің сайттан педагогикалық ғылымдар дамуының басым бағыттары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің бүгінгі ахуалы мен келешегі жайлы межесіне жеткен жан-жақты ақпараттардан хабардар бола аласыздар.

Ұлттық білім академиясының 80 жылдық тарихы бар. 1933 жылы Педагогикалық ғылыми-зерттеу институты құрылды. Оның институционалдық үлгісінің бірнеше рет түбегейлі өзгергенін Академияның тарихынан-ақ көз жеткізуге болады. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» деген мәртебеге ие болдық.

Өз қызметінің барлық кезеңінде Академия әдіснамалық бағдарлар мен оқу-әдістемелік мәліметтердің құрылуын анықтайтын база болып келді. Академия педагогикалық ғылымдардың форпосты деңгейінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету факторы ретінде білім беру рөлінің нығаюына мүмкіндік туғызды.

 Бүгінгі таңда  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы дүниежүзілік трендтер мен отандық тәжірибеде ескерілетін, ұлттық білім беру жүйесінің дамуын ғылыми-педагогикалық, әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуімен аяқталатын барлық деңгейдегі білім беру мазмұнын жаңартуда белсенді ат салысып отыр.

Елбасымыз«Қазақстан жолы – 2050: бірыңғай мақсат, бірыңғай мүдде, бірыңғай болашақ» қазақ халқына жолдауында білім берудің озық тәжірибесін трансляциялау және бейімдеу арқылы жаңғыртудың стратегиялық жолын анықтаудың  дұрыстығын атап көрсетті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты... Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді  Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне  жеткізу қажет. Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген болатын.

Ұлттық білім беру жүйесі жеке тұлғаны толыққанды қалыптастырып, біліктіліктің Еуропалық және Ұлттық шеңбері талаптары мен деңгейіне сәйкес бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаумен қамтамасыз етуі тиіс. Бүгінгі тез өзгермелі қоғамда жеке тұлғаның басты функционалдық сапасына талаптылығы, сындарлы және шығармашылықпен ойлауға қабілеттілігі, стандарттан тыс шешімдерді қабылдай алуы, өмір бойына білім алуғадайындығы жатады. Барлық білім берудің мазмұны дәл осы құзыреттіліктердің дамуына бағытталуы тиіс.

  Барлық деңгейдегі білім беру мазмұнын жаңарту жалпы қазақ елінің, «Мәңгілік ел» болып қалуды аңсаған ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманын жүзеге асыратын сенімді ұрпақ тәрбиелеуге жағдай туғызады.

       Осымен қатар, біз білімнің барлық деңгейінің мазмұнын жаңартудағы өзгерістер  бүкіл педагогикалық  үдерістің  сапасын көтеру бойынша  жауапты шешімдер қабылдауды қажет ететінін де түсініп отырмыз. Бұл кең көлемді мәселелер шешімін табу үшін  бүкіл  қоғам  ат салысып, оның барлық әлеуметтік құрылымдары бірігуі тиіс.

       Бүгінгі таңда Академия академиялық  еркіндікті кеңейту  және әлеуметтік жауапкершілікті көтеру негізінде білімнің қазіргі парадигмасын ілгерілету үшін барлық  мүдделі тараптарды (мемлекет, барлық  деңгейдегі  білім беру ұйымдары, ата-аналар және  педагогикалық жұртшылық, оқушылар) біріктіруде өз қызметін орындауға дайын.

      Құрметті сайт қонақтары!

      Академия сайты Сіздер үшін тек ақпарат алу көзі ғана емес, сонымен қатар, қазақстандық білім беру жүйесінің жүзеге асуына байланысты барлық ортақ сұрақтарға шешім табылатын пікір алмасу алаңы болып табыларына сеніміміз кәміл. Қазақстандық жастардың еліміздің инновациялық-индустриалдық және рухани-адамгершілік дамуында көшбасшылық танытып, ұлт жанашыры  болуы -  сіз бен біздің қолымызда. 

Толығырақ оқу » басшының блогы »

Қызметтің негізгі бағыттары

Жаңалықтар

separator мұрағат

Обсуждение государственных общеобязательных стандартов образования Республики Казахстан

Обсуждение типовых правил деятельности организаций образования

Семинарлар, конференциялар

separator мұрағат

Мұғалімдер мен ұстаздарға арналған өзекті мәселе

separator мұрағат

Журналдар

Пайдалы сілтемелер